«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ ӘЛЕУМЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ ӘЛЕУМЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ

2.JPG

3.JPG

4.jpg

5.jpg

6.JPG

2016 жылдан бастап «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры қайырымдылық қызметінің аясында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірлерде әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын іске қосты. Бағдарламаның басты мақсаты – өңірлердегі инфрақұрылымды дамыту және жергілікті қауымның өмір сүру сапасы мен әлеуметтік ортаның жоғары стандарттарына, білімге, мәдениет пен спортқа қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсартуға ықпал етуді көздейді.

«Менің Елім» бағдарламасы Қордың компаниялар тобы бар өңірлерінде өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар сериасын біріктірді. Бағдарламаның басты миссиясы өңірлердегі өмір сүру сапасын Астана және Алматы қалаларындағы өмір сүру деңгейіне дейін жоғарылату болып табылады.

«Менің Елім» бағдарламасы бірнеше бағытты қамтиды:

  • азаматтық бастамаларды қолдау арқылы жергілікті қоғамдастықты дамыту;

  • әлеуметтік инфроқұрылымды дамыту;

  • тарихи-мәдени мұраны жаңғырту;

  • салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Бүгінгі таңда Бағдарлама 4 өңірде – Павлодар, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылып жатыр.

«Менің Елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасының дамуы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының әлеуметтік саясатының басым міндеттерінің бірі, ең алдымен - Қордың компаниялар тобының қайырымдылық операторы болып табылатын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының міндеті.

2017 жылғы бағдарламаның нәтижелері:

  • Қазақстанның 100 түзету мектебі қажетті арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді;

  • Қазақстанның 240 жалпы білім беретін мектебі мультифункционалды спорттық құралдармен жабдықталды;

  • Аймақтарда 43 балаларға арналған ойын алаңдары мен спорттық алаңдар орнатылды;

  • Павлодар облысының 15 музыкалық мектебі 241 дана музыкалық құрылғымен қамтылды;

  • Техникалық мамандықтар студенттеріне 30 000 теңге көлемінде 260 ай сайынғы шәкіртақы берілді;

  • Жеңімпаз ҮЕҰ-ға 500 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейінгі көлемде 6 грант бөлінді.