Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚР, РФ және ҚХР терминал салып, бірыңғай цифрлық платформаны пайдаланатын болады




27-11-2024

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, Xi ' an Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd. (ҚХР), "Славтранс-Сервис" АҚ (РФ) РФ Президенті В.Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Келісімге қол қойды. 

Тараптар Селятино станциясында (Мәскеу облысы, РФ) CRK Terminal көліктік-логистикалық орталығын салу бойынша уағдаластықтарды бекітті. Сондай-ақ Сиань (ҚХР) – Достық/Алтынкөл (ҚР) - Селятино (РФ) маршрутында бірыңғай цифрлық платформаны бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол жеткізілді.

Жобалар елдің экспорттық және транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған. Терминал құрылысы мен цифрлық платформа ҚХР-ҚР-РФ бағытында тиімді және жылдам жүк тасымалдауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ электрондық сауданы дамытуға ықпал ететін болады.


Анықтама:

"Славтранс-Сервис" АҚ – Мәскеу облысының жетекші көлік-қойма компаниясы. Жалпы ауданы: 65 га, қойма алаңы: 40 мың м2, жүк айналымы (2023): 450 мың TEU.
Xi ' an Free Trade Port – Сиань қаласындағы Халықаралық порттық аудан комитетімен құрылған және қаржыландырылған мемлекеттік компания (логистикалық платформа). 
 

 

Cүрет: Ақорда баспасөз қызметі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі