Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ҚР МҚІСҚА бірлесе құрылған «Адал жол» офисі «ҚТЖ» ҰК» АҚ сәтімен жұмыс істеуде

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалдары – өңірлік темір жолдары бөлімшелері басшыларының жұмыс кеңесінде сыбайлас жемқорлық және өзге де заңбұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Теміржол тасымалын жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтары жағдайылары мен себебін анықтау және жоюға ерекше көңіл бөлініп отыр.

«Қызметкердің сыбайлас жемқорлық заңбұзушылығы үшін жеке жауапкершілігі бөлімше басшыларында жатыр», деп ескертті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары А.Исмұхамбетов.

Отырысқа қатысушылар сондай-ақ басқарушы құрам лауазымдарын иелену үшін кадрлық резервтерді жасақтау мәселелерін талқылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері арасында қол қойылған Келісім шеңберінде «Адал жол» жобалық офисі жұмыс істейді.

Келісім теміржол көлігіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі ыңтымақтастыққа бағытталған.

«Адал жол» жобалық офисінің жұмысы сыбайлас жемқорлық құрамының төмендеуіне, осыған ұқсас заңбұзушылықтарға нөлдік төзу принциптерін ұстануға ықпал ететін болады.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі


Пайдалы сілтемелер