Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Отырысқа мемлекеттік органдар, отандық теміржол өнімдерін өндіруші ұйымдар өкілдері қатысты.

Отырысқа мемлекеттік органдар, отандық теміржол өнімдерін өндіруші ұйымдар өкілдері қатысты.

Нұр – Сұлтанда Ұйымдардың өзараықпалдастығы ережесіне ТК 40 - «Теміржол көлігі» мүшелерімен қол қойылды

2019 жылдың 11 сәуірінде Нұр – Сұлтан қаласында «Теміржол көлігі» Стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің (ТК 40) кезекті отырысында 2018 жылдың жұмысы қорытыланды және 2019 жылдағы басымдықты міндеттер айқындалды.

ZHA_7701.JPG«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Бас инженері – Басқарушы директор, ТК 40 Төрағасы Батыр Котырев ТК 40 жұмысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының әрбір техникалық сарапшы-маманының үлесі және теміржол көлігі саласындағы стандарттарды әзірлеуді сүйемелдеудегі Комитеттің маңызды рөлін атап көрсетті.

2018 жылы ұйымның алты сатандарты, мемлекетаралық стандарттың үш жобасы әзірленді. Сондай-ақ «Теміржол көлігі» ХТК 524 стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитеті мен «Railway Applications» 269 ISO/TC халықаралық техникалық комитетінің жұмысы шеңберінде 7 халықаралық құжат, 25 ұлттық стандарттар жобасы, 60 аса мемлекетаралық стандарттар қарастырылды.

Отырыс барысында өткен жылдың қазанында қабылданған жаңа «Стандарттау туралы» ҚР Заңының талаптары шеңберінде ТК-40 ары қарайғы жұмысы, «Электронды техникалық комитеттер» ақпараттық жүйесі жұмысының мәселелері талқыланды.

Шара шеңберінде ТК №40 мүше-ұйымдарының ыңтымақтастығы туралы ережеге қол қойылды. Құжат комитет мүшелерінің стандарттау саласындағы бірлескен жұмысын реттейді.

Отырыста ерекше көзге түскен мамандар алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен мараптталды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

ZHA_7691.JPG


Пайдалы сілтемелер