Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Ағымдағы жылдың 9 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша 187 млн. тоннадан астам жүк тиелді

 Ағымдағы жылдың 9 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ  желісі бойынша 187 млн. тоннадан астам жүк тиелді

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша 22 млн. астам тонна жүк тиеу қамтамасыз етілсе, соның ішінде тас көмір – 8,5 млн. тонна, астық – шамамен 700 мың тонна және 200 мың тоннадан астам ұнтақ өнімдері.

Еліміз жылуэлектрорталықтары мен тұрғындар қажеттіліктері үшін жүкжөнелтушілердің коммуналды-тұрмыстық көмірге деген тапсырыстарының болмауына байланысты республикаішілік қатынаста өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қатты отын тиеу шамамен 8% төмендегені байқалады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қыркүйегінде өткен жылдың көрсеткіштеріне қарағанда ҚР ішінде ұн және ұнтақ өнімдерін тиеу көрсеткіштері шамамен 32% өсіп, 81 мың тоннаны құрады. 2019 жылдың қыркүйегінде жоспарланғандағыдан құрылыс жүктері – 2,26 млн. тоннаға көп, 2018 жылдың қыркүйегіне қарағанда өсім 15%.    

Толықтай алғанда, 2019 жылдың 9 айындағы қорытынды бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша 187 млн. тонна жүк тиелді. Атап айтқанда, тас көмір – 73,5 млн. тонна, соның ішінде еліміз бойынша – 50 млн. тоннадан астам.

Жыл басынан тиеу 7 млн. тонна көлеміне жетсе, соның 2,3 млн. тоннасы республика ішінде, бұл өткен жылдың 9 айынан 26,6% артық. 1,8 млн. тонна ұнтақ өнімі тиеліп, республикалық қатынаста өсім 3,5% құрады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер