Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Орал теміржол бөлімшесінде Донор күні болып өтті

Орал теміржол бөлімшесінде Донор күні болып өтті

Орал теміржолшылары, негізінен жас мамандар «Қан өткіз – өмірді құтқар» акциясына белсенді қатысты.

«Жас машинистер, машинист көмекшілері, вагон тексерушілер және өзге де қызметкерлер Батыс Қазақстан облыстық қан орталығына ұйымдасқан түрде барды», - деді Орал вагон пайдалану депосының жетекші инженері, Орал өңірінің жастар істері жөніндегі кеңесінің өкілі Асан Сүлейменов.

Оның сөзіне қарағанда, қан тапсыру – жақсы іс істеудің тағы бір мүмкіндігі. Жас теміржолшылардың көбісі үшін бұл алғашқы донорлық тәжірибе де. Жұмыстағы қиындықтар мен кезек күтуді болдырмас үшін құрылым бойынша қан тапсыру кестесі әзірленіпті.

Қан өткізуден түскен ақшаны донорлар әлеуметтік жағынан аз қамтылған теміржолшылар отбасыларына табыстады.

Батыс Қазақстан облыстық қан орталығының бөлім меңгерушісі Зинара Кенжеғалиеваның айтуынша, жергілікті теміржолшылар орталықпен белсенді ыңтымақтастық таңытып келеді.

«Біз кәсіпорындарда қан қабылдар кезде жылжымалы Донор күнің де өткіземіз. Біздің тұрақты әріптестеріміз қатарында Орал локомотив пайдалану және вагон депосының, өзге де теміржол ұйымдарының қызметкерлері де бар», - деп атап көрсетті З.Кенжеғалиева.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында аяқталатын аталған акцияға Орал темір жолы бөлімшесінде қызмет істеп жүрген жас мамандардың көбісі қатысты.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер