Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Нұр – Сұлтан қаласында Теміржол көлігі саласын стандарттау жөніндегі халықаралық форумы болып өтті

Нұр – Сұлтан қаласында Теміржол көлігі саласын стандарттау жөніндегі халықаралық форумы болып өтті

2019 жылдың 24 мамырында Нұр – Сұлтан қаласында Теміржол көлігі саласын стандарттау жөніндегі халықаралық форумы орын алды

Шараға Достастық елдері теміржол әкімшіліктерінің, №40 «Теміржол көлігі» Стандарттау жөніндегі техникалық комитетіне мүше-ұйымдарының, «Теміжол көлігі» №524 Мемлекетаралық техникалық комитетінің, «Темір жолдары» ISO/TC 269 стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымының және Федеральды техникалық реттеу және метрология жөніндегі агенттігінің (Росстандарт) өкілдері қатысты.  
ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев стандарттау жөніндегі халықаралық, аймақтық, ұлттық ұйымдар, өндірушілер өзекті мәселелерді талқылай алатын осындай шараларды өткізудің маңызын атап көрсетті. 
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Бас инженері – Басқарушы директоры Батыр Котыревтің төрағалығымен қатысушылар әлемнің темір жолдары стандарттарын дамыту жөніндегі жұмыстарды ары қарай дамытудың перспективаларын талқылады. 
Кездесу барысында мамандар халықаралық сертификаттау құралдарын пайдалану, көлік саласындағы халықаралық және аймақтық стандарттарды интеграциялау, сандық стандарттарды пайдалану мәселелеріне назар аударды. 
 
Форумда Нұр – Сұлтан қаласында өткен «Темір жолдары» ISO/TC 269 Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымы Техникалық комитетінің апталық пленарлық отырысының қорытындысын шығарды.  
 ISO/TC 269  төрағасы Юджи Нише қатысушыларды комитет жұмысымен таныстырды және барлық мүдделі ұйымдарды бірлесе жұмыс істеуге шақырды. 
 Шара шеңберінде стандарттау жөніндегі айтарлықтай белсенді сарапшыларды теміржол көлігі саласындағы стандарттау жүйесін дамытуға қосқан сапалы үлесі үшін марапаттау орын алды.
 

  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер