Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«Нұрлы жол» вокзалы 10 миллионыншы келушісін қарсы алды

«Нұрлы жол» вокзалы 10 миллионыншы келушісін қарсы алды

Ағымдағы жылдың 1 маусымында «Нұрлы жол» вокзал кешені өзінің екіжылдығын атап өтті.

Мерекелеудің ерекше сәттерінің бірі 10 миллионыншы келушіні құрметтеу еді. Нұр – Сұлтан қаласының тұрғыны, Шымкенттен №86 пойызбен отбасы мүшелерімен келген жолаушы Ерлан Қадырбаев осы мәртебеге ие болды. Оған сыйлық ретінде торт ұсынылды.

Осындай маңызды оқиғалар, сондай-ақ Балаларды қорғау күніне орай әр түрлі іс-шаралар орын алды. Балалар үшін концерттер мен әр түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды. Мерекелік ауан жолаушыларды да баурап алды. Екі жылдың ішінде «Нұрлы жол» вокзалы астанамыздың нышаны мен көрікті жеріне айнала да білді.

Нысандардың қауіпсіздігі мен жолаушыағынын басқарудың ултразаманауи интеллеутуалдық жүйесімен қамтылған алты деңгейлі ғимарат 104 мың шаршы метр аумақты алып жатқанын қаперге сала кетейік. Екі жылдың ішінде сервистік қызметті кеңейту, келушілер мен жолаушылардың жайлы сезінуі үшін жағдайлар құру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Вокзал кешені тәулігіне 35000 астам жолаушыға қызмет көрсете алады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер