Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Ұлттық тасымалдаушы балаларды қорғау күніне орай жас жолаушыларға сыйлық сыйлау акциясын өткізді




01-06-2024

Балаларды қорғау күніне орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарының жолсеріктері жас жолаушыларды мерекемен құттықтап, 900-ден астам сыйлық қорабын табыс етті. Әр қорапта ойыншықтар, бояғыштар, түрлі-түсті қарындаштар және тәттілер болды. Сыйлықтар 24 жолаушылар пойызында таратылды.

Сонымен қатар, жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында вагон-мейрамханалар түрлі-түсті шарлармен безендірілді. Мейрамханаларда балаларға ақысыз негізді пайдалы таңғы ас, шырындар, йогурттар және шоколадтар берілді.

Айта кетейік, жыл басынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен 420 мыңнан астам бала тасымалданған. Сапар барысында жас жолаушылардың ыңғайлығы үшін пойыздарда орнатылған мультимедиялық ойын-сауық порталында мультфильмдер және ойын бағдарламалары қолжетімді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі