Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Мерекелер карсаңында қосымша поездар іске қосылады

Мерекелер карсаңында қосымша поездар іске қосылады

Алдағы көктем мерекесі қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша біржолғы поездарды іске қосады:
- №202/201 Астана-1-Павлодар, Астана-1 ден 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады;
- №204/203 Астана-1-Алматы-1, Астана-1 ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1 ден 21, 25 наурыз күндері;
- №205/206 Алматы-2-Арыс-1, Алматы-2 ден 21 наурыз күні, ал Арыс-1 –ден 23 наурыз күні;
- №241/242 Қызылорда-Атырау, Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан 21, 23, 25 күндері кері бағытта жүреді.
Компания әр уақытта поездардың жолаушылармен толуын қадағалап, арнайы сараптама жүрігізіп отырады. Осы сараптаманың негізінде жолаушылар тарапынан сұранысты қанағаттандыру үшін қосымша вагондар мен поездар іске қосылады. Наурыз мерекесіне орай 220 қосымша вагон тіркеледі.
Осыған орай алдағы мерекелер қарсаңында Ұлттық тасымалдаушы вагон паркін 100 пайыз пайдалануды көздеп отыр.
Ал жалпы мейрам күндері қосымша 18 мың жолаушы тасымалданды деп күтілуде.
Сонымен катар қала маңы тасымалы бойынша 3 қосыша пойыз іске қосылады:
- № 7510 Астана-Павлодар бағыты бойынша, Астана-1 ден 19,20,21,25 наурыз күндері
- № 7502 Астана-Павлодар бағыты бойынша, Астана-1 ден 25 наурыз күні
- №7509 Павлодар-Астана бағыты бойынша, Павлодар қаласынан 20 наурыз күні жөнелтіледі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы

Пайдалы сілтемелер