Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Мереке қарсаңында ҚТЖ үздік қызметкерлерге құрмет көрсетілді

Мереке қарсаңында ҚТЖ үздік қызметкерлерге құрмет көрсетілді

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалдарыда, құрылымдық бөлімшелерінде Компания қыз-келіншектерін құттықтап-құрмет көрсетілді.

Бүгінгі таңда теміржол саласында шамамен 33 мыңдай әйел еңбек етуде. Бұл Компанияда жұмыс істейтін қызметкерлер жалпы санының 25% құрайды. Ерлермен иықтіресе олар қозғалыс қауіпсіздігіне жауап беріп, жолаушылар кешенін жұмыспен қамтамасыз етіп, кадрлық және экономикалық мәселелерді шешеді. Күрделі және санқырлы шаруашылықтың барлық учаскелерінде теміржолшы-әйелдер шынайы жоғары жауапкершілік пен кәсібиліктің үлгісін көрсетіп келеді.

Салтанатты шарада «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев Компанияда әйелдерге тұлғалық пен кәсіби өсуі үшін мүмкіндіктер, кеңауқымды әлеуметтік жеңілдіктер берілетіндігін және әйелдердің саланың дамуына қосқан үлестерін жоғары бағалайтындығын атап көрсетті.

ҚТЖ шамамен 7 мыңдай қызметкері көпбалалы ана болса, соның 70-і «Күміс алқа» және «Алтын алқа» мемлекеттік наградасымен марапатталған. Олардың күрделі жұмысты отбасылық шаруалармен ұштастыра білуі қандай да болсын құрметке лайық.

Іс-шараның ең бір салатнатты көрінісі Компания басшылығының әр өңірден келген теміржол кәсіпорындарының 15 үздік қызметкерін Алғыс хат тапсыру сәті болды.

Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі 








Пайдалы сілтемелер