Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Ұлттық тасымалдаушы өз клиенттеріне жаңа коммуникация үлгісін енгізуде

Ұлттық тасымалдаушы өз клиенттеріне жаңа коммуникация үлгісін енгізуде

Алматы -2 вокзалында (Абылай хан даң.1) «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты «Жолаушыларға қызмет көрсету» Орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Орталық вокзал кешенінің оң жақ қанатында орналасқан (бұрынғы «Сәлем» кафесі).   

Жаңа Орталықтың ашылу рәсіміне «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның басшылығы, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің Алматы қаласы Департаментінің Директоры, «Адал Жол» мен «Алматы адалдық алаңы» жобалық офистері, теміржол саласының ардагерлері, Алматы қаласы Әкімдігінің өкілдері қатысты.

1.jpgОрталық аптасына 7 күн тәулігіне 24 сағат қызмет істейтін болады. Жолаушылар үшін 10 касса қызмет көрсетеді. Оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған жанында кеңесші – консультанттары бар орындарымен қамтылған және жүк кассасы да жұмыс істейді. Жолаушы бір мезетте жол жүру билеті мен өз жүгін   рәсімдей алады. Яғни, барша қолайлы жағдайлар жасалған. Жол билеттері комиссиясыз сатылады. Сoffee-room қызметі де іске қосылады. Сонымен қатар Орталықта аптасына бір рет «Жолаушы сағаты» өткізіледі. Саланың білікті мамандары жолаушылар мен жүк тасымалына қатысты керекті мағлұмат беріп, шағымдар мен өтініштерді қабылдап отырады.

Сонымен бірге орталықтың ішінде жолаушылар Компанияның негізгі қызметтері туралы ақпарат беретін бейнебаян, яғни ғаламтор арқылы жол билеттерін сатып алу, жолсерік пен жолаушының міндеттері мен құқықтары, вагондарда жүргізілетін барша шаралар: жуу, тазарту, дезинфекциялау және тағы басқа қызметтер туралы мағлұмат ала алады.

Орталықтың ашылуы   2019 жылдың 29 наурызында «ҚТЖ» ҰК» АҚ, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі арасында теміржол тасымалы саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі үш жақты қабылданған жол картасының аясында іске асып отыр.

Алдағы жоспар бойынша Компания осындай Орталықтарды еліміздің барша қалаларында ашуды көздеуде.

Қазіргі таңда Компанияда қаламаңы тасымалымен қоса есептегенде 115 бағыт бар. Оның 105-і әлеуметтік маңызды бағыт болса, қалған 10-ы коммерциялық бағыттар. Жылына орта есеппен 15 миллионнан аса жолаушы тасымалданады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы

Пайдалы сілтемелер