Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Ұлттық тасымалдаушы электрондық билет сатудың жетілдірілген жүйесін енгізеді

Ұлттық тасымалдаушы электрондық билет сатудың жетілдірілген жүйесін енгізеді

2019 жылдың 1 шілдесінен «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарына электронды жол жүру құжаттары жетілдірілген автоматтандырылған жүйемен сатылуда. Осы жүйемен рәсімделген электронды билет сонымен қатар жолаушыны есепке алу мен отырғызу үшін негіз және фискалдық чек болып табылады.

Жеке жолаушылар агенттіктерінің өкілдеріне (билет кассалары) электрондық жол жүру құжаттарын сату тәртібі мен жаңа шарттары           «Атамекен» ҰКП, ҚР Көлік прокуратурасы, МҚІСҚ Агенттігі және ҚР ИИДМ-мен бірге өткен басқосуда жария етілді.

Жүйе жетілдірілген және билеттер сату саласындағы орын алуы мүмкін алаяқтықты айтарлықтай төмендетеді, яғни жолаушылар қайтарған билеттерді жылдам «ұстауға» мүмкіндік бермейді. Енді баю мақсатында жаппай билеттерді сатып алып, қайта сатушылар онысын жүзеге асыра алмайтын болды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларды өз сапарларын алдын ала жоспарлауды, жол жүру құжаттарын теміржол кассаларынан немесе тікелей онлайн-сату арқылы сатып алуға, бөтен күдікті тұлғалардың қызметіне жүгінбеуге шақырады.

Егер де билетсіз отырған жолаушы не болмаса заңсыз рәсімделген жүк тасымалына тап болсаңыз - фотобейне түсіріп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Бас директорының блогына (http://www.temirzholy.kz/blog-predsedatelya-pravleniya/) жазып жіберулеріңізді сұраймыз!       

Біз міндетті түрде шара қолданамыз!

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы

Пайдалы сілтемелер