Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ҚТЖ көлік-логистикалық қызметтерді пайдаланушыларға бағыт ұстанады

ҚТЖ көлік-логистикалық қызметтерді пайдаланушыларға бағыт ұстанады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері Нұр – Сұлтанда өткен «Атамекен» ҰКП Президиумының Логистика және тасымал комитеті Көліктік логистика кіші комитетінің кезекті отырысына қатысты.

Панельдік талқылау барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Павел Соколов Қазақстандағы көліктік логистиканы дамытудың перспективалары мен ағымдағы жағдайы туралы хабардар етті.

61056761_2325302620872257_4498712044781961216_n.jpgП.Соколов ҚТЖ көрсетіп отырған көлік-логистикалық қызметтің кең спектрі туралы мәліметтер бере кетті. Ол «Компанияның негізгі күш-жігері Қазақстан аумағы арқылы жеткізілетін, қосымша жүктер көлемін тартуға бағытталғандығын» екендігін атап көрсетіп, және негізгі транзиттік дәлізге назар аудартты. «KTZ Express» АҚ бас директорының орынбасары М. Төлегенов Қазақстан аумағы бойынша контейнерлік транзитті дамыту туралы айтып берді. Ол бүгінгі таңда Компания бизнестің мынадай: үлкен жүктерді тасымалдау мен LCL-тасымалы, қоймалық логистика, кедендік рәсімдеу, өндірістік логистика сияқты тиісті бағыттарын дамыту туралы өз алдына міндеттер қойып отырғандығын алға тартты.

«Аталған қызметтер компанияның жаңа миссиясын айқындайды: клиенттер мен олардың қажеттіліктеріне жұмыс істейтін вертикалды-интеграцияланған логистикалық Компанияның болуы және логистикалық шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді», - деді М. Төлегенов.

«Қазтеміртранс» АҚ бас директорының м. а. Дәурен Бимов Қазақстанның көліктік логистикасы туралы айтқанда ойын «Қазтеміртранс» АҚ жұмысы мысалы арқылы жеткізді.

Бүгінде компания Қазақстанда жүк вагондары паркінің ірі операторы болып табылады, жалпы саны 54 000 дана, ал бұл жүк вагондарын тиеу нарығының шамамен 46% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Компания тұтынушылар мүддесіне қызмет көрсету мен өнім портфелдерін үнемі дамытып отыру, сапалы логистикалық сервис, жүк тасымалы нарығы қажеттіліктерін вагондармен сапалы қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның көлік саласын тұрақты дамытуға ықпал етеді», - деп атап көрсетті Д.Бимов.

Сөзін қорытындылай келіп, П.В.Соколов ҚТЖ кешенді сервиспен қамтамасыз етуде жүкағынына қызмет көрсету мен қабылдау үшін қолайлы жағдайлар жасалуда екендігін жеткізді.

«Біз бірлескен жобаларға қатысу бойынша кез келген ұсыныстарды қарауға және бизнес-қауымдастықпен ыңтымақтастық үшін ашықпыз», - деп сендірді Павел Владимирович.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар көлік пен логистика саласындағы ұсыныс пен пікірлерімен алмасты, сондай-ақ транзиттік тасымал көлемі өсімінің оң динамикасын ортаға салып жатты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы өкілдерінің құнды ұсыныстары мен ақпараттары шараға қатысушылар назарына алынды.

Отырысқа сондай-ақ «Kazlogistics» СКК ЗТБ, «Транскаспий халықаралық көліктік бағыт» Халықаралық ассоциациясы» ЗТБ, «Пионер» компаниялар тобы, «Қазақстан астықөндірушілер одағы» ЗТБ, «Астық-Транс» АҚ,    «Atasu logistics» ЖШС және өзге де қазақстандық бизнес-ортасының өкілдері қатысты.

Пайдалы сілтемелер