Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Көлік кәсіподағы жұмысы атап өтілді

Көлік кәсіподағы жұмысы атап өтілді

Бүгін, яғни 10 қазанда қазақстандық кәсіподақтар кәсіби мерекелерін атап өтуде. Кәсіподақтар күні қарсаңында «КАЗПРОФТРАНС» ҚБ жұмысы аталып өтті. ҚР Кәсіподақтары федерациясының Төрағасы Ералы Тоғжанов «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясы» филиалында болуы барысында теміржолшыларға құрмет грамоталарын табыстаса, соның ішінде кәсіподақ мүшесі, жөндеу цехының шебері Ерлан Байдұллаұлы Оразымбетов, кәсіподақ мүшесі, «Хитачи» тиегішінің жүргізушісі Қайырбек Ғайденұлы Есмағамбетов, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Орталық аппараты кәсіподақ комитетінің төрағасы Госман Тәженов бар.

 Еңбек ұжымымен кездесуі барысында ҚР кәсіподақ көшбасшысы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ кәсіподақ қозғалысын жаңғыртудың негізгі аспектілерін талқылады.

 Бұдан басқа, Ералы Тоғжанов теміржолшылар еңбек жағдайларына оң баға бере келіп, бұнда бастауыш кәсіподақ ұйымдарынің маңызды рөлін атап көрсетті.

 «Бүгінгі таңда Кәсіподақта 332 бастауыш кәсіподақ ұйымдары, сондай-ақ 22 жергілікті кәсіподақ тіркеуде тұр. Біздің қатарымызда 116 мың 559 кәсіподақ мүшесі бар», - деп атап кетті «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев.

 Толықтай алғанда, Компанияда өндірістік қызметкерлер 92,5% құрайды. Бұл ретте 97% - Кәсіподақ мүшелері.

 «Бүгінде кәсіподақ – бұл әлеуметтік кепілдіктердің орындалуына қол жеткізетін, жұмыскерлер құқығын қорғайтын ұйым», - деді Г. Тәженов.

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары қызметкерлер балалары үшін жолдаманың жалпы сомасынан 10% минимальдық төлемі, еңбек демалысына қосымша күндерді қосқанда қызметкерлердің сауығуы үшін санаторлы-курорттық жолдама, әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған Ұжымдық келісім-шартпен реттеледі.

 Бүгінгі таңда әлеуметтік жеңілдіктерге қарастырылған Компания бюджеті 9,1 млрд. теңгені құрайды. Келісім-шарт шеңберінде 29 жеңілдік берілсе, соның 11 – ардагерлер үшін, 11 – «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің балалары үшін.

  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

Пайдалы сілтемелер