Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА транзиттік жүктер үшін қойма пайда болады

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА транзиттік жүктер үшін қойма пайда болады

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында «А» санатты қойма ғимараттары пайдалануға берілді. Екі қойманың жалпы алаңы 25 мың шаршы метр, ал жұмыс биіктігі – 12 метр.

Нысан қоршалған және күндіз-түні күзетілетін аумақта автоматтандырылған өртке қарсы дабыл жүйесімен жарақтандырылған. Қойма ғимараты аймағында сонымен қатар жеңіл және жүк авто көліктері үшін тұрақ орындары қарастырылған. Бұдан басқа, екі қойма ғимараты тауарларды түсіру мен тиеу процестерін   тиімді ұйымдастыру үшін 30 тарта автоматты доктармен жабдықталған.

АЭА логистикалық аймағы аумағында орын тепкен қойма кешені    кедендік процедуралар толықтай анықталға дейін өтемақылық төлемсіз, салықтарсыз, антидемпингтік, арнайы, кедендік төлемдерсіз және еркін кедендік аймақ процедураларына сәйкес жүктерді орналастыруға мүмкіндік береді.

Коммерциялық және технологиялық рәсімдерді оңтайландыру үшін «KTZ Express» АҚ АЭА логистикалық аймағының аумағында жүктерді сақтау және өңдеу бойынша қызметтер мен мультимодальдық тасымалдан өзге, Уәкілетті экономикалық оператор, сонымен бірге кеден өкілі ретінде импорттық-экспорттық рәсімдеулер бойынша қызметтер көрсетуге дайын.

Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралына жақын жатқан, сондай-ақ Орталық Азия мен Ресеймен, Түркиямен, Иранмен, Еуропалық одақ елдерімен Қытай арасындағы көліктік дәліз бойында орналасқан аталған нысан дистрибьютерлік және логистикалық жұмыста белсенді пайдаланылады. Отандық және шетелдік бизнес өкілдері қазірден бастап қойма ғимараттарын жалға ала алады.

«KTZ Express» АҚ үшін бұл жаңа да болашағы зор жұмыс. Үнемі дамуға құлшына отырып, компания көліктік-логистикалық қызмет көрсету кезінде жаңа шешімдерді табуға талпынады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер