Қазақстан мен өзбекстандық теміржолшылар транзиттік астық және ұн өнімдерін тасымалдау жағдайын жақсартпақ

Қазақстан мен өзбекстандық теміржолшылар транзиттік астық және ұн өнімдерін тасымалдау жағдайын жақсартпақ

Қазақстан, Өзбекстан теміржол әкімшіліктерінің басшылары, инвестиция және даму министрлігі, ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп саласының өкілдерімен орталық билік және Қазақстанның жылжымалы құрам меншік иелерінің қатысуымен транзиттік астық және ұн өнімдерін тасымалдау жайы талқыланды..

Талқылау барысында Өзбекстан аумағымен астық пен ұн өнімдерін тасымалдауға қолайлы жағдай жасау жайы қарастырылды. Қазіргі кезде Қазақстаннан Өзбекстанға қарай астық пен ұн өнімдерін экспортқа жөнелту көбейгенімен оны Өзбекстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдау көлемі көңілдегідей емес.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Санжар Елубаев Өзбекстанның астық пен ұн тасымалдауға тарифтік жеңілдік жасап отырғандығын Ауғанстанға транзиттік тасымалдауға болатындығын хабарлады.

Екі елдің теміржол әкімшіліктерінің өкілдері Қазақстан, Өзбекстан және Ауғанстан теміржолдарында, өзбек-ауған шекарасымен қазақстандық астықты тоқталыссыз өткізу, тығынды болдырмау, жылжымалы құрамның уақытында қайтарылуын қамтамасыз ететін шаралардың атқарылғандығын баяндады.

«Узбекистон темир йуллари» АҚ экономикалық сараптау және болжау басқармасының бастығы Бахром Наримов Өзбекстан тарабының Қазақстан астығын толық көлемде қабылдай алатындықтарын, оны тасымалдауға тарифтік жеңілдіктер жасалатындығын мәлімдеді.

Кездесу соңында өзбекстандық теміржолшылар мен қазақстандық жүк жөнелтушілер арасында тікелей байланыстар орнатылып, тасымалдауды қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерді бірлесіп шұғыл шешуге ынта білдірді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі