Ірі тонналық контейнер вагон-платформалар сынақтан өткізілді

Ірі тонналық контейнер вагон-платформалар сынақтан өткізілді

4-шілдеде «ЗИКСТО» АҚ вагон құрастыру кәсіпорнында 13-6922 модельді ауыр жүк контейнерлерін тасымалдайтын төрт осьті платформа сынақтан өткізілді. Вагон магистральдық желісінде ірі тонналық түрлі тектегі контейнерлерді және танк контейнерлерді, қауіпті жүктерге арналған контейнерлерді тасымалдайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық орталығы мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ комиссиясының қатысуымен өткізілген сынақ нәтижесінде өндірістің технологиялық жағдайын жақсы және жүк вагондарын дайындаудың технологиялық үдерісі тұрақты және жылжымалы құрамды сериялық түрде шығаруға әзір екендігін жоғары бағалады.

«Жалпы алғанда, 13-6922 модельді ірі тонналық платформа жүк тасымалдаушы операторға және инфрақұрылым меншігі иесінің шығындарын азайтады. Жүк жөнелтушілерге үлкен көлемдегі тауар тасымалдауға мүмкіндік әпереді»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық орталығының директоры А. Жанкелді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық орталығы бекіткен болашақтағы жүк вагондарына бірыңғай техникалық талаптарды бекітуге жұмыс жасады. Оның ішінде жаңа жылжымалы құрамға қойылатын негізгі талаптардың бірі – көлемін өсіру, жөндеу аралығын ұзарту, конструкциялық жылдамдығын, жүк вагондарының қорабын үлкейту көзделеді.

Бас инженер Б. Қотыревтің айтуынша, отандық вагон өндірісін дамыту еліміздің транзиттік жүктерді тасымалдау мен логистикалық қызметін едәуір жақсартады.

«Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ мемлекеттік органдармен және мүдделі тараптармен, өндірісшілермен, вагон операторларымен бірлесе отырып, Жүк вагондарын дамытудың Бағдарламасын бекітуге жұмыс жасауда»,- дей келіп Б. Қотырев «Бағдарлама отандық зауыттардың вагон жасауды қолдауына мемлекеттік тұрғыдағы салықтық және басқа жеңілдіктерді жасауға бағытталатын болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі