Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Фидерлік кемелерді іске қосу контейнерлер айналымын оңтайландырды

Фидерлік кемелерді іске қосу контейнерлер айналымын оңтайландырды

Ағымдағы жылдың 8 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша барлық қатынастағы тасымал көлемі 15,7 мың ЖФБ құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65% артық, соның ішінде транзиттік қатынаста 3,4 мың ЖФБ, өсім 63%.

ТХКБ – теңіз порттары арқылы жүктерді бірнеше рет асу асыруды талап ететін күрделі мультимодалдық бағыт екендігін қаперге сала кетейік.

Ақтаудан Бакуге және керісінше апталық жөнелтілумен тұрақты фидерлік желінің іске қосылуы ТХКБ бойынша тасымал өсімінің маңызды факторы болды. Желіні іске қосу контейнерлер айналымын және жеткізу мерзімін оңтайландырды. Сондай-ақ бұл Қазақстан экспортшыларына Әзірбайжан, Грузия, Түркия, сонымен қатар Қара және Жерорта теңізі порттарына өз өнімдерін жеткізу үшін фидерді пайдалануға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылдың сәуірінде іске қосылғаннан бері бүгінгі күнге дейін 40 астам рейс жасалды. Фидерлік кеменің толтырылуы қазақстандық тараптан 100% құрады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер