Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Елордалық мектептерде қауіпсіздік сабақтары болып өтті

Елордалық мектептерде қауіпсіздік сабақтары болып өтті

Жазғы демалыс қарсаңында теміржолшылар Нұр – Сұлтан қаласының темір жолдарға жақын маңдағы мектептерде қауіпсіздік сабақтарын өткізді.

Нұр – Сұлтан вакзалы мен локомотив пайдалану депосының өкілдері балаларға темір жолда болу ережесінің негізгі ережелері туралы айтып берді. Машинист-нұсқаушы Сырым Беков қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізіп, балалардың жазғы маусымда жиі бұзатын ережелері туралы тұщымды жеткізуге тырысты.

«Жолдардағы басулар азаматтардың рұқсат етілмеген орындардан өтуінен, ұқыпсыздығынан болып жатады. Жастар құлаққаппен музыка тындайтындықтан немесе ұялы телефон бойынша сөйлесетіндіктен, машинист берген дабылды, локомотив дыбысын естімейді. 6 мың тонналық жүк құрамын бір мезетте тоқтатуға болмайтындығын қаперде ұстау керек. Пойыздың тежелу жолы минимум 1000 метр құрайтындықтан, жарақат алу тәуекелі өте жоғары», - деді машинист.

Статистика бойынша жыл сайын темір жолда 100 астам қайғылы жағдай орын алуда.

«Темір жол техниканың көптігімен өзіне тартады: вагондар, локомотивтер. Жиі балалар вагондардың үстіне қызықтау үшін шығады да оның салдарын ойлай бермейді. Жазғы демалыс кезінде балаларға ата-аналары мен мұғалімдер тарапынан ерекше бақылау керек», деп атап көрсетті Нұр – Сұлтан станциясының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі бас маманы Маржан Айтмағанбетова.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігі бұзылуы қайталануының алдын алу жөніндегі бірқатар іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп келеді.

Теміржолшылар еліміздің барлық өңірлерінде ӘТЖК, ІІЛБ қызметкерлерімен бірлесе темір жолдарда болу туралы ереже туралы түсіндіру әңгімелерін ұйымдастыруда.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 12 мың азаматқа қауіпсіздік жөніндегі лекциялар оқылып, бейнероликтерді көрсете отырып кәсіпорындар мен мекемелерде 700 астам түсіндіру әңгімелері өткізілді.

Темір жолдары арқылы рұқсат етілмеген жерлерден жүрудің алдын алу рейдтері тұрақты негізде жүргізіліп келеді.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі


Пайдалы сілтемелер