Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Электрондық теміржол билеттерін сатудың жетілдірілген жүйесі енгізілді

Электрондық теміржол билеттерін сатудың жетілдірілген жүйесі енгізілді

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ электрондық жол жүру құжаттарына (билеттер) көшті. Билеттерді сатудың автоматтандырылған жүйесі адами фактор ықпалын болдырмау үшін едәуір өзгерістерге ұшырап отыр.

Жүйе едәуір жетілдірілген және билет сату саласында алаяқтық ықтималын мейлінше төмендетеді, соның ішінде, жолаушылар тарапынан қайтарылған билеттерді шапшаң «ұстап» қалуға мүмкіндік бермейді.

Енді алыпсатарларға баю мақсатында жол жүру билеттерін жаппай қайта сату мүмкіндігі жоқ. Теміржол билеттерін сату жүйесі жұмысындағы өзгерістің бірі – бірыңғай Күту парағының енгізілуі. Ол адам факторының ықпалынсыз билеттердің сатылуын іске асырады.

Жалпы бүгінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 233 кассасынан және 4500 жеке билет кассаларынан, сондай-ақ, өзіне-өзі қызмет ету бойынша 4000-нан астам терминал арқылы және ресми сайт EPAY.RAILWAYS.KZ, bilet.railways.kz бойынша комиссиясыз барлығы 10 интернет-ресурс арқылы сатып алуға болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз-қызметі

Пайдалы сілтемелер