Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Ең басты бағыт – клиенткебағытбұру

Ең басты бағыт – клиенткебағытбұру

Ағымдағы жылдың 7 мауысымнда Қостанайда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев көлік қызметтерінің сапасы, тасымалдау қауіпсіздігі мен тиміділігін арттыру мәселелері бойынша өңірлік теміржол бөлімшелері басшыларымен кеңейтілген кеңес өткізді.

Қостанай жол бөлімшесі ең ірі жүкқалыптастырушы желілердің бірі болып саналады. Жүк тиеудің жалпы үлесіндегі негізгісі темір және түрлі түсті руда. Сондай-ақ астық, ұңтақ өнімдері мен құрылыс материалдарын тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Қостанай жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Вячеслав Миронов 2019 жылдың бес айында 12 миллион тоннадан астам жүк тиелгендігін, бұл 2018 жылдың деңгейімен сәйкес келеді.

Жүкайналымын арттыру үшін өткен жылы локомотивтерді тиімді пайдалану мен вагондардың тұруы уақыты қысқартылып, Арқа – Тобыл – Притобол – Павлодар; Железорудная – Углерудная және Железорудная – Достық учаскелері бойынша ұзынқұрамды пойыздар қозғалысы ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың бес айында 449 ұзынқұрамды және 1713 ауырсалмақты пойыздар құрылды және жөнелтілді. Сонымен қатар Есіл, Құсмұрын станцияларынан техникалық тоқтаусыз 1372 жүк пойызы өткізілді.

«Ағымдағы жылы 30 млн. тоннадан астам жүк арту жоспарланып отыр», - дейді В.Миронов.

Қостанай магистралдық желі директоры Болат Баймағамбетов теміржол инфрақұрылымын ұстап тұру туралы ақпарат бере кетті. Өткен жылы 9 км жолға орташа жөндеу, 52 км астам жолға күрделі жөндеу жүргізіліп, электржабдықтау, байланыс пен дабыл беру құрылғылары, бағыттамалы бұрмаларды жаңарту бойынша міндеттер орындалды. «Бұл бағыттағы жұмыстар белгіленген жоспар бойынша жалғасын табады», - деп сендірді Б.Баймағамбетов.

Кеңесте «Қазтеміртранс» АҚ бас директоры Дәурен Бимов көлік экспедициясы мен вагон операторларының қызмет көрсетуімен байланысты жұмыстарды, компанияның даму стратегиясымен таныстырды. Бұл ретте икемді тариф саясаты, қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын енгізу жолымен клиенткебағытбұру деңгейін арттыруға ерекше маңыз беріліп отыр. Д.Бимов вагон паркі техникалық жағдайын жақсарту мен бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев та клиенттерге қызмет көрсету деңгейін, сол көрсетілетін қызметтің сапасын көтеруге екпін берді. Көлік нарығындағы бәсекелестік жағдайда әр клиент үшін күресу қажет. Көрсетілетін қызмет сапасы жүктерді жеткізу жылдамдығымен және сенімділікті қамтамасыз етумен, өндірістік процестердің тиімділігімен тығыз байланысты. Әсіресе бұл транзиттік тасымалды өсіру жағдайында маңызды.

«Біз қазір Компанияның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша шараларды белсенді қабылдап жатырмыз. Бірінші кезекте қаржыны тасымал сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттаймыз», деп атап көрсетті С.Мыңбаев.

Басымдықта – локомотив паркі мен инфрақұрылымды жаңарту.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жолға қосымша жүктердің ағылуын тарту үшін жағдайлар жасауға, негізгі қызметтен кірісті арттыруға, отын-энергетика ресурстарына шығынды төмендетуге және шығындарды оңтайландыруға үлкен көңіл бөліп отыр. Осы міндеттер шешіміне барлық резевтер мен мүмкіндіктер іске қосылып, барлық күш-жігер жұмылдырылуы тиіс.

Жұмыс сапары шеңберінде С.Мыңбаев Қостанайдың бірқатар теміржол кәсіпорындары жұмыстарымен танысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер