Дипломаттар «Қорғас -Шығыс қақпасы» АЭА мен «Қорғас» ХШЫО-ны аралады

Дипломаттар «Қорғас -Шығыс қақпасы» АЭА мен «Қорғас» ХШЫО-ны аралады

2018 жылы 6 қазанда Қазақстанда аккредитациядан өткен дипломатиялық корпус өкілдері «Қорғас-Шығыс қақпасы» және «Қорғас» ХШЫО-ны аралады.  
«ҚТЖ» ҰК” АҚ мен ҚР СІМ ұйымдастырған шараға ҚР сыртқы істер министрі К.Әбдрахманов, Алматы облысының әкімі А.Баталов, «ҚТЖ» ҰК” АҚ басқарма төрағасы Қ.Алпысбаев қатысты. 
«Мемлекет басшысы экономиканың тұрақты дамуының инфрақұрылымдық негізін қамтамасыз етуде көліктік-логистикалық кешеннің ролі маңызды екенін айтады», - деді өз сөзінде Қ.Алпысбаев және «соңғы 10 жылда Қазақстан көліктік-логистикалық  инфрақұрылымға 30 млрдқа жуық АҚШ долларын инвестициялады.  2020 жылға таман 8,4 млрд. АҚШ долларын инвестициялау жоспарлануда, бұл Жібек жолындағы сауда ағынына қосымша серпін береді» деп сөзін жалғастырды. 
Қ.Алпысбаев дипломаттарға АЭА-тың көліктік-логистикалық мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Қытай мен Оңтүстік Шығыс Азиядан ТМД, Еуропа, Парсы шығанағы елдеріне бағытталған маңызды бағдарлар қиылысында орналасқан “Қорғас” АЭА Қазақстанның әлемдік көлік және сауда жүйесімен араласып кетуін қамтамасыз етеді. 
Жетіген Қорғас, Жезқазған Бейнеу теміржолдары, Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомобиль дәліздері, Ақтау портымен технологиялық қатынаста бола отырып, “Қорғас-Шығыс қақпасы” АЭА Жаңа Жібек жолындағы жүк ағынын біріктіру және дистрибуциялау орталығы болып табылады. 
“Бір терезе” қағидаты бойынша кешенді көліктік логистикалық қызметпен қамтамасыз ету үшін АЭА аумағында «KTZE - Khorgos Gateway» терминалды құрғақ порт кешені жұмыс істейді. Мұнда Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол қатынасымен жүк өңдеу, рәсімдеу, қайта тиеу жұмыстары жүзеге асырылады. 
«Бүгінде 17 қытай провинциясы, Вьетнам және Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықта 200 мыңнан астам контейнер тасымалданады. Жалпы алғанда Қазақстанның транзиттік әлеуеті Еуразия нарықтары бағытында 2020 жылға дейін 2 млн-ға дейінгі ДФЭ көлемінде болады деп бағалануда». 
Бүгінгі таңда АЭА аумағында инвесторлар 1,7млрд АҚШ доллары сомасындағы жобаларды жүзеге асыруда. АЭА индустриалдық және логистикалық инфрақұрылымына инвестиция тарту мен көлемін арттыруға қосымша серпін берген Құрғақ порт қапиталына Cosco Shipping ірі әлемдік теңіз операторының енуі болды.
Дипломаттарға сондай-ақ «Қорғас» ХШЫО қызметі туралы айтып берді. 2002 жылы жетоқсанда Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған орталық ірі сауда, экономикалық және туристік әріптестік кешені болып табылады. ХШЫО екі мемлекеттік шекаралық аумағында орналасқан қазақстандық және қытайлық бөліктен тұрады, жалпы аумағы 760 гектардан астам және мемлекеттік шекара арқылы өтетін «Арнайы өтпе» арқылы жалғасқан.  Бүгінгі күнде 20 инвестициялық компания жалпы құны 400 млрд теңгеден асатын сауда үйлері мен ойын-сауық нысандарының құрылысын жүргізіп жатыр. 
Орталықтың қазақстандық бөлігін әрі қарай дамытып, қазақстандық кәсіпкерлерге қытайлықтармен бірдей жағдай қамтамасыз ету үшін, «Қорғас» ХШЫО аумағында сәйкесінше салықтық және кедендік жеңілдіктермен  Арнайы экономикалық аймақ құрылған.

«Қазақстан темір жолы»ҰК»АҚ баспасөз қызметі