Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ҚТЖ балаларды қорғау күнін атап өтті

ҚТЖ балаларды қорғау күнін атап өтті

Халықаралық Балаларды қорғау күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ дәстүрлі түрде әр түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіп келеді.

Теміржолшылар балалары да ойындар, сайыстар мен эстафеталарға белсенді қатысты. Нұр – Сұлтанда олар Comic con поп-мәдениеті фестивалінде, астаналық циркте болып, сүйікті кейіпкерлерімен кездесуге, компьютерлік және үстелүсті ойындарын ойнауға және де шаттық пен күлкі әлеміне шомуға мүмкіндік алды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ орталық аппараты акционерлік қоғам қызметкерлерінің балалары қатысқан «Дарын» шығармашылық сайысының қорытындысын шығарды. Қостанай,Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Орал, Маңғыстау, Павлодар және Семей бөлімшелерінде ата-аналары жұмыс істейтін жас таланттар өздерін белсенділік жағынан таңыта білді. Балалар қолөнері мен сурет салу, би мен вокал шығармашлығы жеңімпаздары сый-сияпаттармен ыңталандырылды.

«Біз талантты балаларды олардың ары қарай да дамуын ыңталандырып, қолдауға тырысамыз. Ұсынылған жұмыстар балалардың көрқырлылығын, ойларының ұшқырлығын көрсетті», дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ адами ресурстарды басқару және саның жоспарлау жөніндегі атқарушы директор Шолпан Әбілбекова.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен еңбек ұжымы арасындағы Ұжымдық келісім-шарт шеңберінде 14 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған толық отбасылы емес Компания қызметкерлері материалдық көмек алды.

Балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шаралар Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде өткізілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер