Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Бакуде халықаралық көлік бағдарларын дамыту перспективалары талқыланды

Бакуде халықаралық көлік бағдарларын дамыту  перспективалары талқыланды

Ағымдағы жылдың 11 маусымында Бакуде «Көлік, Транзит и Логистика (TransCaspian/Translogistica») халықаралық көрме шеңберінде «Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары» конференциясы өтті. 

«Бір белдеу – бір жол: даму келешегі» Бастамасы» конференциясының сессиясына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқармасы Төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Павел Соколов қатысып, сөз сөйледі. 

Ол көліктік-логистикалық қызметтердің сан түрлі спектрінде қызмет көрсетіп, еліміздің көлік әлеуетін дамыту бойынша мемлекеттік стратегияны жүзеге асырып отырған ҚТЖ қызметі туралы ақпарат берді. 

Қазақстанда қалыптасқан инфрақұрылым халықаралық Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік, ТРАСЕКА – Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) (Middle Corridor) көлік дәліздері бойынша тасымал көлемін өсіруге мүмкіндік беріп отыр. Осы ретте, қытайлық «Бір белдеу – бір жол» бастамасымен түйіндес «Нұрлы жол» қазақстандық бағдарламасын іске асыру есебінен транзитті дамытуға қолайлы жағдайлар жасалуда. 

 Жүк ағынын тарту үшін және қолданыстағы инфрақұрылым тиімділігін қамтамасыз ету үшін пойыздарды оңтайлы және шапшаң өткізу бойынша шаралар қабылдануда. Ерекше көңіл көліктік-логистикалық шығындарды оңтайландыру, тасымалды ұйымдастыру, көрші мемлекеттердің теміржолдарымен, жүк жөнелтушілерімен, тариф саясаты мәселелері бойынша логистикалық провайдерлермен өзараәрекет етуге бөлініп отыр. 

Стратегиялық ынтымақтастықтың жарқын көрінісі, ол ТХКБ қатысушылармен бірлесе жұмыс істеу болып табылуда. Қазақстан аумағы арқылы Еуропадан Қытайға кері тауар ағынын ұлғайту және Middle Corridor-дың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін төмендетілген коэффициенттер белгіленген. 

ҚТЖ өзінің инфрақұрылымын және халықаралық көлік дәліздерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, транзиттік тасымал өсімін қамтамасыз ету, төменгі шығынмен қазақстандық өндірушілердің өнімдерінің экспортқа шығарылымын іске асыру, клиенткебағдарланған деңгейді арттыру үшін сервисті кеңейту бойынша жұмыстар жүргізуде. 

 «Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ Баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер