Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктері Азия мен Еуропа арасындағы сауданы дамытуға ықпал етеді

Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктері Азия мен Еуропа арасындағы сауданы дамытуға ықпал етеді

Ақтауда бірінші «Caspian Ports & Shipping 2019» конференциясы және Халықаралық көрмесі болып өтті.

Порттық құрал-жабдықтарды жеткізу мен қызмет көрсетушілердің, жүкжөнелтушілердің, теміржол және теңіз көліктік-логистикалық компаниялардың шамамен 300 өкілі қатысты.

Конференцияда халықаралық деңгейдегі 30 астам көлік және логистикалық компания өкілдері мен сарапшылар Каспий аймағы көліктік инфрақұрылымын пайдаланып өңірлік сауда және экономиканы дамытудың жаһандық тенденцияларын талқылады.

Конференцияның «Әлемдік нарық және халықаралық логистика. Азия мен Еуропа арасындағы сауда жолдарын жақсарту және дамыту» сессиясына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Павел Соколов қатысып, сөз сөйледі.

IMG_3152-2.jpgП.Соколов өз сөзінде жиынға қатысушыларды «транзиттік жүкағынына қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасалуда және инфрақұрылымдық даму жедел қарқынмен дамуда» екендігін және Қазақстандағы қалыптасқан көлік-логистикалық инфрақұрылымдар туралы баяндап берді. Нәтижесінде Қазақстан арқылы Азия мен Еуропа арасында темір жолы бойынша тасымал көлемінің жыл сайын екі есеге дейінгі өсімі қамтамасыз етілді.

Жүктерді қадағалау бойынша қызмет көрсету мен қағаздық құжат айналымының кемуі есебінен шекараны кесіп өтуді жеделдету, кедендік рәсімді оңтайландыру, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, сыртқыэкономикалық қызметтің қатысушылары үшін әкімшіліктік кедергілерді төмендету бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.

Кедендік транзит рәсімінің уақыты бір күндік жұмыстан төрт сағатқа дейін қысқарса, ал транзит кезіндегі тексеру – 10 күннен 5-ке дейін.

Ағымдағы жылы сәуірдің ортасынан Ақтау портынан контейнерлерімен алғашқы қазақстандық фидерлік кеме Баку портына жол тартқан болатын. Ляньюнганнан Стамбұлға транзиттік жүктер тасымалы үшін жағдайлар жасалуда.

«Аталған бағыттың бәсекегеқабілеттігін арттыру және кері жүкағының тарту үшін біз төмендетілген коэффициент белгіледік», - деп атап көрсетті Павел Соколов.

Ол сондай-ақ Ресейлік және Қытайлық темір жолдарымен ыңтымақтастық шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады және Еуразияның көліктік-логистикалық әлеуетін жүзеге асыру үшін әріптестердің өзараықпалының маңызын атады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары транзитті дамыту стратегиясының негізгі бағыттарына назар аудартты. Бұл қызмет көрсетулерді бірыңғай логистикалық сервиске интеграциялау мен жаңа құзіреттерді дамыту, халықаралық көлік дәлізінің институциональдық негізін қалау және көліктік инфрақұрылымды ары қарай да жаңғырту.

П.Соколов әріптестерін, бизнес-қауымдастықты Қазақстанның көлік-логистикалық жобаларын жүзеге асыруда белсенді қатысуға шақырды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер