Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Қазақстандық-ресейлік жұмыс тобының қатысушылары теміржол тасымалы көлемін арттыру мәселелерін талқылады

Қазақстандық-ресейлік жұмыс тобының қатысушылары теміржол тасымалы көлемін арттыру мәселелерін талқылады 2019 жылдың 26-27 қыркүйегінде Санкт-Петербург қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Российские железные дороги» ААҚ Бірлескен жұмыс тобының стратегиялық ыңтымақтастық бойынша алтыншы отырысы болып өтті.

Қазақстандық тарапты «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов, ресейлік – «РЖД» ААҚ Бас директорының орынбасары Андрей Старков бастап барды.

Отырыста теміржол жүк тасымалы саласындағы ыңтымақтастықты ары қарай дамыту мәселелері талқыланды.

Тараптар шекаралық учаскелерде өзараықпалдасу, ақпараттық алмасымды жетілдіру, тасымал көлемін арттыру, сондай-ақ Орынбай облысы мен Алтай өлкесі аумағында орналасқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ инфрақұрылымын пайдалану бойынша қызмет көрсету келісім жасасу қажеттігін растады.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойды. Шара шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Лужская мен Усть-Луга портында, «РЖД» ААҚ Октябрь темір жолы инфрақұрылымын ұстап тұру және тасымалдарды басқару орталығында болды.

Бірлескен жұмыс тобының Жетінші отырысы Қазақстанда 2019 жылдың төртінші тоқсанында өткізіледі деп жоспарлануда.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер