Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Қазақстанда транзиттік тасымалға ерекше маңыз берілуде

Қазақстанда транзиттік тасымалға ерекше маңыз берілуде

Ағымдағы жылдың 17 мамырында ХІІ Астана экономикалық форумы шеңберінде «Еуропа мен Азияны жалғастыру: Қазақстанның жаңа Жібек жолы жүрегіндегі рөлі» атты «дөңгелек үстел болып өтті.

Шараға Премьер-Министр орынбасары Жеңіс Қасымбек қатысты және сөз сөйледі.

Премьер-Министр орынбасарының сөзіне қарағанда, Еуразия құрлығының жүрегіндегі Қазақстан Жібек жолы ретінде белгілі ежелгі сауда жолдарын жаңартудың үлкен негізгі көліктік тізбегі бола білді.

«Қазақстан – Азия мен Еуропа арасындағы жерүсті саудасы үшін көліктік және логистикалық орталық. Бұл ретте жүктерді жеткізу жылдамдығы арта түсті – ең бастысы құрғақ бағыттың теңіз алдындағыдан бәсекелестік артықшылығында», деді Ж.Қасымбек.

Ляньнюнган қаласының мэрі Фан Вэй Ляньюнган портын дамытуда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының белсенді қатысуын атап көрсетті.

«Порттағы бірлескен қазақстандық-қытайлық терминал екі ел логистикалық жүйесін біріктіруге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда екі мемлекет арасында бұл бағыттағы сауда айналымы 15 млрд. долларды құрады», деді Фан Вэй.

WhatsApp Image 2019-05-17 at 22.20.32.jpeg«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының логистике жөніндегі орынбасары Павел Соколов өз сөзінде контейнерлік транзиттің айтарлықтай артқандығын ашып көрсетті. Егер 2017 жылы Қазақстан аумағы арқылы 347 мың ЖФЭ тасымалданса, 2018 жылы – 537 мың ЖФЭ, ал ағымдағы жылы 824 мың ЖФЭ жетеді деп күтілуде. Транзиттік тасымалға ерекше маңыз берілуде, өйткені тасымал көлемінің 13% құрағанымен, кірістің 30% алып келеді.

Павел Соколов Қазақстан аумағы бойынша өтетін халықаралық көліктік дәліздің даму перспективасы үлкен екендігін алға тартты.

«Бұл бағыттар бойынша жүктерді жеткізудің орташа жылдамдығы – 13 – 16 күн, 10 жыл бұрын шамамен 40 күндей, ал бүгінде 10 күннің өзі көп», деді П.Соколов және «бұл жеткізу мерзімін қысқарту, технологиялық процестерді оңтайландыру бойынша күнделікті бірлескен жұмыс, бұл өзге елдердегі әріптестермен, көршілес мемлекеттермен өзараықпалдастық» екендігін жеткізді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қазақстанда көлік-логистикалық инфрақұрылымға айтарлықтай инвестиция, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруда оң әсер, транзитті дамыту үшін қолайлы жағдайлар құрылғандығына екпін берді. Өз тарапынан қазақстандық теміржолшылар Қазақстан арқылы тасымал көлемін өсіруге, халықаралық көліктік бағыттардың әлеуетін пайдалану жөнінде үлкен жұмыстар атқаруда. Транкаспий бағытына жүктерді тарту үшін, мысалы, ағымдағы жылы жүктелген 40 фунттық контейнерлерге тарифті 610 долларға дейін төмендетті. Кері бағытта қайтқан бос контейнерлерге – 210 доллар.

Құрылған қолайлы тарифтік жағдайлар экспортқа шығарылған қазақстандық жүктердің геграфисын кеңейтеді және арттыруға мүмкіндік береді.

«Белсенді ыңтымақтастық үшін біздің Компания әрқашан да ашық, Қазақстан аумағы арқылы транзиттің жоспарланған көрсеткіштерге жетуі, бізге маңызды», деп қорытындылады П.Соколов.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер