Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Қазақстанда локомотивтерді автожүргізудің интеллектуалдық жүйесі енгізілуде

Қазақстанда локомотивтерді автожүргізудің интеллектуалдық жүйесі енгізілуде

Нұр – Сұлтан – Екібастұз теміржол учаскесінде автожүргізудің интеллектуалдық жүйесін пайдалана отырып локомотивтерді сынаудың қорытындысы шығарылды.

Сынамалы сапарға салмағы 6300 тонналық жүк пойызы жөнелтілді.

Автожүргізу жүйесі нақты уақыт режимінде жол жүрудің жылдамдық траекториясын локомотив бортында есептейді.

Локомотивтің тарту мен тежеу сипаттамалары, жылдамдықты шектеу бойынша мәліметтер, бағдаршамның көрсеткіштері, сондай-ақ құрамның ұзындығы мен салмағы, жолдың пішіні, қозғалыс кестесі есепке алынады. Ақпарат машинист кабинасында орнатылған дисплей экранында көрініс табады. Автожүргізу жүйесі бар пайдалану жұмыс мәзірі ұялы телефон мәзірін еске салады.

«Автожүргізуді енгізу жол жүру уақытында шаршау мен психофизиологиялық жүктемені төмендету есебінен машинистердің еңбек өнімділігін арттырып, локомотив бригадасының еңбек жағдайын жақсартып, электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді», - деп атап көрсетті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Бас инженері Батыр Котырев.

Бұдан басқа, бағдарлама локомотив бригадаларының «қызмет көрсету иығын» ұзарту үшін мүмкіндік тудырып, қызмет көрсету учаскелерінің өткізу мүмкіндіктерін арттырады.

Елордалық локомотив пайдалану депосы басшысының орынбасары Александр Недюжин автожүргізу жүйесін қолдану машинистердің шаршауы мен психофизиологиялық жүктемесін төмендетерін алға тартты.

«Бүкілресейлік теміржол гигиенасы ғылыми-зерттеу институты автожүргізуді қолдану бойынша зерттеулер жүргізді. Оның мәліметіне қарағанда, жүйе машинистің жүктемесін азайтады және оның жұмыс істеу қабілетін орташа 2-3 сағатқа ұзартады», - деді А. Недюжин.

Локомотивті пайдалану депосында машинистер мен машинист-нұсқаушыларды кезендік оқыту ұйымдастырылатын болады.

Оқыту сыныбындағы бағдарламалық тренажерде машинистер автожүргізумен жұмыс істей алады.

Алғашқы дайындықтан өткен машинистер 2019 жылдың соңында өздері жүйені пайдлана отырып пойыздарды жүргізеді деп жоспарлануда.

Автожүргізуді KZ4AT сериялы жолаушылар және KZ8A сериялы жүк электровоздарында, ТЭП33А сериялы жолаушылар тепловозында пайдалануға беру жоспарланған.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер