Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жаңа Басқарма Төрағасы Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлын таныстырды.

Ахметжан Есімов Сауат Мыңбаевтың бұрынғы жұмыс орынындағы жақсы нәтижелерін атап кетті.

С. Мыңбаев бұрын қаржы құрылымдарында әр түрлі лауазымдарды атқарды. Әр жылдары ол ҚР мұнай және газ министрі, энергетика және минаралдық ресурстар министрі, индустрия және сауда министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі, қаржы министрі, қаржы министрінің орынбасары болды. 2013 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы ретінде қызмет атқарды.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Қоғаммен байланыс және маркетингтік
коммуникациялар жөніндегі департаменті
pressa@sk.kz

Пайдалы сілтемелер