Қазақстан темір жолы Астана қаласы КЛО басымдықтары мен мүмкіндіктерін ашып көрсетті

Қазақстан темір жолы Астана қаласы КЛО басымдықтары мен мүмкіндіктерін ашып көрсетті

2018 жылдың 28 қарашасында Астана қаласындағы «А» класты көліктік-логистикалық орталығының жұмысымен жан жақты таныстыру үшін баспасөз-туры болып өтті.

Астана КЛО Мемлекет басшысының қатысуымен Индустрияландыру күніне орай өткен телекөпір барысында 2015 жылдың шілдесінде ашылған болатын.

Нысан логистикалық қызмет көрсету сапасын арттыру және тауарағының бөлуді оңтайландыру үшін ішкі және сыртқы терминалдық желіні құру бағдарламасы бойынша «Қазақстан темір жолы» мультимодалдық көліктік-логистикалық холдингімен салынған.

ТЛЦ 2.jpgОрталық Азия, Ресейдің жақын жатқан өңірлерін қамтыған сәуле іспетті еліміздің ірі қалаларында ішкі терминалдық желі құру транзиттік ағынды есепке ала жүргізілуде. Қазақстан елордасы – Астана Еуразия кеңістігіндегі ең жылдамдамушы мегаполистердің бірі ретінде жобаны жүзеге асырудағы бастамашы ретінде таңдап алынды. Шымкент қаласында көліктік-логистикалық орталығының салынуы ағым жылдың бысында аяқталды.

2018 жылдың 10 айында 522 мың тонна жүк өңдеуден өтсе, 3000 вагон жүк түсірілді және 2000 контейнер өңделді. Қазіргі таңда қоймалар 80-90%-ға толтырылып отыр.

Астана КЛО Бас директоры Ерлан Шаймерденов Орталықтың басымдықтары, нысанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер тізімінің кеңеюі мен жұмыс процесін жаңғырту жайын ашып айтып берді.

Ол өңделген жүктер спектрінің ауқымдылығын, технологиялық өндірістік процестерді, әр түрлі температуралық режимдегі климаттық қоймалары мен көкеніс қоймаларында, құрғақ өнімдерді сенімді сақтау қызметінің кеңауқымды ассортиментін: электроника, құрылыс материалдары, FMCG, азық түлік өнімдері, арнайы сақтауды қажет ететін, ірі стандартты емес және өзге де жүктердің сақталуы жайын тарқатып кетті.

Бүгінгі таңда Астана КЛО коммерциялық мүмкіндіктері – бұл FM Global халықаралық стандарты талаптарына сәйкес келетін толық циклды мультимодалдық логистиканың кешенді қоймалық қызметтері.

«КЛО біз бір мезетте 4 мың контейнерді сақтай алатын контейнерлік алаңы мен жылына 1 миллион тонна жүкті өңдеу мүмкіндігі бар газбенреттеу ғимараттарын және көкеніссақтау, температуралық режимдегі құрғақ қоймаларда сұрыптауды жүргізетін операторлар үшін үздіксіз тізбек құрудамыз», - деп қосты Е.Шаймарданов.

КЛО аумағында «Бір терезе» режимінде кедендік қызмет көрсету аймағы жұмыс істеп тұр. Енді клиентке кедендік рұқсат алуға және мемлекеттік бақылаудың барлық түрін жүзеге асыруға уақыт жоғалтудың қажеті жоқ, қажетті рәсімдеулер «қолжетімділік қадамдары» принципімен жүзеге асырылады және шамамен бір сағат кетеді.

Клиенттерге ыңғайлы болуы үшін қазақстандық және әлемдік өндірушілердің кеңауқымды тауарлар ассортиментін көтерме және бөлшек саудалау үшін тиісті инфрақұрылымды дистрибуциялық орталық ұсынылады.

«Орталық жұмысы бизнестің қажеттіліктерін ескере отырып сапалы қызмет көрсетуді арттыруға бағытталған»,- деп атап көрсетті Е.Шаймарданов, Қазақстанның жаһандық көліктік-логистикалық жүйесіне кіруін және КЛО транзиттік-көліктік әлеуетін дамытудағы маңызын атап көрсетті.

«KTZ Express» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер