Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Қазақстан, Ресей және Беларусь теміржол әкімшіліктері «БКЛК ЕРА» АҚ қатысты Акционерлік келісімге қол қойды

Қазақстан, Ресей және Беларусь теміржол әкімшіліктері «БКЛК ЕРА» АҚ қатысты Акционерлік келісімге қол қойды

2019 жылдың 4 маусымында Мәскеуде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Российские железные дороги» ААҚ және «Беларусская железная дорога» МБ арасында «Бірлескен көліктік-логистикалық компаниялар – Еуразиялық теміржол альянсы» (БКЛК ЕРА) қатысты Акционерлік келісімге (корпоративтік келісім) қол қойылды.

Құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев, «РТЖ» ААҚ бас директоры Олег Белозёров және Беларусь темір жолының басшысы Владимир Морозов қол қойды.

Акционерлік қоғам Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағы арқылы транзиттік тасымалды интеграциялауды жалғастыруда Беларусь, Ресей және Қазақстан темір жолдарының ниеттерін нығайтады.

Корпоративтік келісім «БКЛК ЕРА» АҚ акциялар пакетіне қатысты тараптардың қатыстылығы міндеттері мен құқықтарын регламенттейді. Үш акционердің бәрі де теңдей дауысқа ие, өйткені акциялар «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «РЖД» ААҚ және «Беларусь темір жолдары» МБ арасында теңдей – 33,33% бөлінген.

Қол қойылған құжат Қоғам мен акциялар айналымын басқарумен байланысты мәселелердің кең спектрін қамтиды. Келісім басқару шешімдерін қабылдау процесінде жанжалдық жағдайларды шешу тетіктерін, Директорлар кеңесі төрағасының лауазымын алмастыру тәртібін, дивиденттік саясаттың жаңа ережелерін айқындайды.

«БКЛК бірлесе жүзеге асыру еуразиялық экономикалық интеграцияны дамыту процесіне үлес қосу болып табылады. Іс-әрекеттерімізді келісу, тығыз үйлестіруді қамтамасыз ету маңызды», деп атап көрсетті Сауат Мыңбаев.

БКЛК ЕРА қызметі Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы транзиттік контейнерлік тасымалдарды дамытуға бағытталған. 2015 жылы жоба шеңберінде бұл бағытпен 47,6 мың ЖФЭ тасымалданса, ал 2018 жылы – шамамен 280 мың ЖФЭ. Биылғы жоспарда тасымал көлемінің өсімі қарастырылған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер