Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения теміржолшылары Техникалық саясат саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения теміржолшылары Техникалық саясат саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2019 жылдың 28-30 қазанында Сочи қаласында «PRO//Движение.1520» Халықаралық көлік-логистикалық бизнес форумы шеңберінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Российские железные дороги» ААҚ, «Беларусь темір жолы» БШ, «Оңтүстік Кавказ темір жолы» ЖАҚ, «Кыргыз темир жолу» ҰК» МК арасында Теміржол көлігі техникалық саясат саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан құжатқа Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі басқарушы директор – Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов қол қойды.

Меморандуммен ендірілген және интероперабельдік пайдаланудағы технологиялар, техникалық құралдар, инфрақұрылым мен жылжымалы құрамды жаңғырту мен жаңартудың перспективалы бағыттарын анықтауды, техникалық саясатты жүзеге асырудың бірыңғай жүйесін жүзеге асыруды қарастырылған.

Аталған келісімге сәйкес бірлескен жұмыс ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытуға, теміжол көлігінің қоршаған ортаға теріс әсерін төмендетуге және энерготиімділікті арттыруға ықпал етеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер