Қазақстан мен Қытай бизнесі жаңа сауда жағдайында көлік және инвестициялық әлеуетін көтереді

Қазақстан мен Қытай бизнесі жаңа сауда жағдайында көлік және инвестициялық әлеуетін көтереді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев Пекиндегі Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің бесінші отырысы аясындағы панелдік сессияға қатысты.

   «Жібек жолы бағдарындағы заманауи сын қатерлер» сессиясына «China COSCO Shipping Corporation», «Ляньюньган порты МК» ҚБ, «Jing Dong Logistics», «DHL International», «Zhong Cheng Tong International Investments» және «Yichang Kelison Industry Co., Ltd» компанияларының өкілдері қатысты.

Шараға қатысушылар логистикалық инфрақұрылым, бағдар таңдау, шоғырландыру орталықтарындағы логистикалық жасақтау, мультимодальдық және контейнерлік тасымалды арттыруға жағдай жасау жайлары қарастырылды. Сонымен қатар Ляньюньган порты арқылы тасымалдауды дамыту мен көліктік шығынын азайту, Оңтүстік- Шығыс Азияға терезе ашу мен электрондық коммерция және фулфилмент орталықтарын құру мәселелері қарастырылды.

Қазіргі таңда Еуразиялық құрлықтағы көлік дәлізі картасын аудандастырудағы «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамашылығы табысты жүзеге асып келе жатыр. Жібек жолы бойындағы елдердің бірлескен күшінің арқасында тауарларды дер кезінде жеткізудің тізбегі жасақталды. Еуразиялық құрлық арқылы 10 және 12 мың шақырымға жүкті 13-16 күнде жеткізу мүмкін болып отыр.

Қ. Алпысбаев трансқұрлықтық қызмет сапасын көтеруде логистикалық бизнес пен инфрақұрылым иелерімен серіктестік альянсының маңызы зор екендігін атап өтті. Ол Жібек жолы бағдарындағы қызмет сапасын дамытудағы серіктестердің өзара ынтымақтастығын дамыту, тарифтік саясаттың сәйкестігін қамтамасыз ету, технологиялық көлік активтерін пайдаланып тасымалдауды ұйымдастыру мен кері бағытта да шығындарын азайту көзделеді. Осыған сәйкес, 2011 жылдан бері бір 40-футтық контейнерді тасымалдау құны төрт есеге дейін төмендеді.

«Біз Қазақстан мен Қытайдың сауда және транзиттік мүмкіндігін ынталандыру мақсатында логистикалық жобаларын синергиялық үйлестірудеміз»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев.

Жібек жолы мен логистикасының болашағы жаңа жетілдірілген технологиялық өнімдер жасау, аралас мультимодальдық «Rail-Air» үлгісімен Қытай және Қазақстан теміржолдарымен контейнерлік жүктерді тасымалдау оны Еуропаға әуе көлігімен жеткізу қарастырылуда. Осы технология арқылы жүк жеткізу 5-6 күнде мүмкін болмақ.

«Біз логистикалық шешімдердің платформасын электронды коммерция әдісімен енгізудеміз. Сол арқылы өсім көлемі жылына 25-тен 40 пайызға дейін жеткізілуде»,-деп түйіндеді Қ. Алпысбаев.

Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесінің бесінші отырысында «Қазақстан темір жолы» логистикалық компаниялары тобы Қытайдың электрондық коммерция жөніндегі жетекші компаниясы «Jing Dong Logistics» және әуе тасымалдау жөніндегі «Beijing China-Russia United International Logistics Co. Ltd.» компаниясымен Келісімге келді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесінің бесінші сессиясы аясындағы «Самұрық-Қазына АҚ жекешелендіру бағдарламасының тұсакесер» рәсіміне қатысты. Онда Қазақстанның көлік саласын дамыту мүмкіндіктерін баяндап, өзара тиімді қарым-қатынасты жақсартуға шақырды.

«Қазақстанның халықаралық логистикалық тізбекке ықпалдасып және көлік саласындағы бизнесті дамытуына мемлекет тарапынан инфрақұрылымдық және институциональдық қолайлы жағдайлар жасалған»,-дейді Қ. Алпысбаев.

Ол сондай-ақ көлік-логистика саласындағы инвесторларға қолайлы болып табылатын бірнеше нысандарды ұсынды:

-«Қорғас-Шығыс қақпасы АЭА – ЕЭО мен ҚХР нарығындағы өнімдерді Құрғақ порты арқылы өңдейтін Қытайдың (Ляньюньан порты) шығыс жағалауы, Орталық Азия елдері, Еуропа, Кавказ, Түркия, Иран нарығына өткізуге қызмет көрсетеді;

- «Қорғас» ХШЫО – халықаралық сауда, іскерлік қатынас, мәдени және ғылыми тәжірибе алмасу, сонымен қатар туризмді дамытады. ХШЫО-да тиісті инфрақұрылымдық жағдайлар жасалған. Он мың шаршы метрлік аумақта сауда, әлеуметтік, ойын-сауық, бизнес инфрақұрылымдары жасақталған;

- Ақтау халықаралық теңіз сауда порты - Кавказ, Парсы шығанағы, Ресей, Орталық Азия елдеріне экспорттық-импорттық тасымалдауды, транзиттік тасымалды қамтамасыз етеді;

- Ақтау теңізі солтүстік терминалы Каспий айдынындағы ірі астық терминалының қуаты жылына 1,5 миллион тонна өңдеуге жетеді. Бір мезетте 60 мың тонна астық сақтайды. Көпсалалы контейнерлік терминалы бар.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі