Қазақстан мен Түркияның темір жол әкімшіліктері Анкарада стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Түркияның темір жол әкімшіліктері Анкарада стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

2018 жылдың 12 қыркүйегінде Анкарада қазақстан-түркиялық инвестициялық форумы шеңберінде «Қазақстан темір жолы»ҰК»АҚ мен «TCDD Tasimacilik A.S.» АҚ арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Теміржол көлігі саласынадағы, соның ішінде машина құрастыру ісі бойынша екі жақты қатынасты нығайтуға арналған құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев пен «TCDD Tasimacilik A.S.» АҚ бас директоры Вейси Курт қол қойды.

Келісім арқылы Транскаспийлық халықаралық көлік дәлізі шеңберінде ҚР мен ТР аумағындағы көліктік-логистикалық жүйе мен транзиттік әлеуетті дамыту саласындағы бірлескен жұмыстар қарастырылады.

«Біздің елдер арасында Баку-Тбилиси-Карс темір жол желісі мен Каспийдегі порттық инфрақұрылым трансқұрлықтық тасымалдың өсу қарқынына ықпал ететін мультимодальды Транскаспийлік дәліз құрылды. 2018 жылы былтырғыға қарағанда темір жол және автомобиль жолы арқылы тасымал өсімі төрт есе болады деп күтілуде. 2020 жылға қарай тасымал көлемін 5 млн тоннаға дейін жеткізу көзделуде», - деді Қ. Алпысбаев.

Келісім шеңберінде тараптар сонымен қатар Қазақстанға және кері бағытта, Қытайдан Түркияға және кері бағытта жүретін жүктер үшін «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да шоғырландыру және дистрибуциялау орталығын құруға, контейнерлерге бәсекеге қабілетті тарифтік шарттар қоюға уағдаласты.

«Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ баспасөз қызметі