Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Қазақстан аумағы бойынша 50%-дан астам жүк айналымын «ҚТЖ» ҰК»АҚ қамтамасыз етеді

Қазақстан аумағы бойынша 50%-дан астам жүк айналымын «ҚТЖ» ҰК»АҚ қамтамасыз етеді ҚР ҰЭМ-ның Статистика комитетінің деректері бойынша, 2018 жылы жалпы жүк айналымы 596066 млн.т-шм құраған, соның ішінде, темір жол көлігі бойынша – 283 117,8 млн. т-шм. Осылайша, «ҚТЖ»ҰК»АҚ Қазақстан көлік жүйесінің жүк айналымының 50%-ын қамтамасыз етіп отыр. Қазақстандағы темір жолдың ұзындығы 20 мыңнан астам шақырымды құрайды. Олардың сенімді және үздіксіз жұмыс істеуі жүк ағыны өсімі мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Темір жол инфрақұрылымын тиісті деңгейде күтіп ұстау үшін жыл сайын күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрады.
2018 жылы 1000 шақырымнан астам жол жаңартылды, соның ішінде 867 шақырымына күрделі жөндеу жүргізілді. 4600-ден астам бағыттағыш бұрма жөнделді. Осы жұмыстардың нәтижесінде жолдың беріктілігі мен сапасы артып отыр. Және де жолаушылар пойыздарының қозғалыс жылдамдығы 585 шм, жүк пойыздарынікі – 381 шақырымға артқан.

«Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер