Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға жапондық компанияның жүктері артылған пойыз жөнелтілді

Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға жапондық компанияның жүктері артылған пойыз жөнелтілді

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында жөнелтілген Қытайда шоғырландырылған Nippon Express жапондық компанияның жүктері тиелген бірінші контейнерлік пойызы қазіргі кезде жол үстінде.

 «KTZ Express» АҚ ұйымдастырған халықаралық контейнерлік пойыз қытайлық Сиань қаласынан шығып «Қорғас-шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ портында қайта тиеліп Қазақстан аумағы арқылы транзитпен Дуйсбург қаласындағы (Германия) белгіленген станцияға бағыт алды.

 Құрамында қырық бір контейнері бар контейнерлік пойыз он мың шақырымды енсереді. Пойыздың орташа жылдамдығы тәулігіне 1000 шақырым.

Мультимодалдық логистикалық компаниялар – жапондық Nippon Express және KTZ Express Hong Kong Ltd. филиалының белсенді қатысуымен «KTZ Express» АҚ бірлескен
жұмысы нәтижесінде жоба сәтті жүзеге асырылды.

Келесі жылдан бастап Сиань-Дуйсбург контейнерлік сервисін тұрақты апта сайынғы негізге өткізу жоспарланған. Сондай-ақ Қиыр Шығыстан Қазақстан арқылы Орталық Азия елдері мен Түркияға тестілік жөнелтілім ұйымдастырлады деп күтілуде. 

Ағымдағы жылдың қарашасында Шанхайда «KTZ Express» мен Nippon Express арасында агенттік келісімге қол қойылса, оған сәйкес компаниялар логистикалық әріптестер болып табылады. Құжат ТМД, Орталық Азия, Еуропалық одақ елдері және Жапония арасында Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік жүктерді тасымалдау, тасымалдау көлемін арттыруға және ыңтымақтастықты нығайтуға бағытталған. 

 Стратегиялық әріптестік келісім-шартына қол қоюға Қазақстан мен Жапония мемлекет басшыларының мәлімдемесі ықпал еткені белгілі. Соңғы екі жылда Ыңтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, жапондық жүкжөнелтушілер үшін таныстырылым сенминарлары ұйымдастырылды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі


Пайдалы сілтемелер