Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Қазақстан арқылы Түркменстаннан Қытайға алғашқы контейнерлік пойыз жол тартады

Қазақстан арқылы Түркменстаннан Қытайға  алғашқы контейнерлік пойыз жол тартады

Ағымдағы жылдың 24 қазанында Келиф (Түркменстан) станциясынан Қазақстан аумағы арқылы транзитпен Түркменстаннан Қытайға алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтіледі.

Пойыз Келиф – Сертяка – Болашақ – Алтынкөл – Қорғас – Циндао бағыты бойынша жүріп өтеді. Оның құрамында калий жүгімен 40/45 футтық контейнерлер бар.

Алғашқы кезенде бос контейнерлерді пайдаланып, айына бір рет тесттік режимде жөнелту және Иран мен Орталық Азияға кері тиеумен бағытты тұйықтау жоспарланып отыр.

Аталған жоба «Түркменстан көлік-логистикалық орталығы» ААҚ, «KTZ Express» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдерінің Түркменстан мен СҰАР (ҚХР) бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырылды.

Түркмен тарапы «ҚТЖ» ҰК» АҚ атқарған жұмысын жоғары бағалады және ҚХР бойынша ставканы төмендету жөніндегі мәселені шешуге ықпалдасқаны, аталған жобаны қолдағаны үшін өз алғыстарын білдірді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер