Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Ташкентте Ауғанстан арқылы транзиттік темір жол салу мәселесі талқыланды

 Ташкентте Ауғанстан арқылы транзиттік  темір жол салу мәселесі талқыланды Отырысқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Узбекистон темир йуллари» АҚ, «Российские железные дороги» ААҚ, Ауғанстан темір жолдары әкімшілігінің және Пәкістанның Өзбекстандағы елшілігінің өкілдері қатысты.

Өңірлік интеграцияны дамытудың маңызды шарттарының бірі транзиттік-көліктік саладағы жобаларды жүзеге асыру және өзараықпалдастықты кеңейту болып табылады.

«Қазақстанда транзиттік тасымал өсіміне ерекше маңыз беріледі. Біздерді Ауғанстан арқылы транзиттік темір жол салу жөніндегі жобаны жүзеге асыруға ықпал ететін, сөйтіп халықаралық тасымалды арттыруға деген ортақ мүдде біріктіреді», - деді өз сөзінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистралдық желі дирекциясы» филиалының директоры Бауыржан Орынбасаров және қазақстандық тараптың бірлескен жоспарды жүзеге асыруға ықпал етіп ғана қоймай, ҚР шығарылатын теміржол машинажасау өнімдерімен қамтамасыз етуге дайын екендігін де хабарлады.

Отырысқа қатысушылар Ташкентте 2019 жылдың 25-27 наурызында орын алған бірінші кездесуі шешімдерін орындау барысын қарады. Ауғандық тараптың келісімен ені 1520 мм болатын темір жолын салу туралы шешім қабылданды.

Жобаларды жүзеге асыруда оңтайлы ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктерін әзірлеу мен инвестиция тарту мақсатында Кіші қаржы тобын және Желілерді салу жобалары бойынша материалдарды зерттеу үшін Жұмыс тобының Кіші техникалық тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұдан басқа, Ауғанстан аумағында темір жолды жоспарлау және зерттеу жұмыстары кезінде қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі келісімдер қабылданатын болады.

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойлады. Келесі отырыс 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Өзбекстанда өтеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер