Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Астана-1 теміржол вокзалында 10 жаңа эскалатор жұмыс істей бастады

Астана-1 теміржол вокзалында 10 жаңа эскалатор жұмыс істей бастады

Халықаралық стандарттарға сай жаңа эскалаторлар тек жолаушылар қауіпсіздігін ғана қамтамассыз етіп қоймай, физикалық тозуға шыдамды әрі ресурсүнемдеуге бейінді.

Эскалаторлар Ақмола лифтжасау зауыты желісінде жиналды. Құрал-жабдықтар Астана қаласының құзырлы мемлекеттік органдарында тиісті есепке қойылды. Сәйкестендіру нөмірлері бекітіліп берілді. Пайдалануға жарамдылығы жөніндегі техникалық байқаудан өткізілді.

Ескірген эскалаторларды жаңасына ауыстыру жөніндегі жұмыстар 2018 жылдың қарашасынан басталғандығын қаперге саламыз. Вокзал қзыметкерлері жолаушыларағының реттеу, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жарақат алу жағдайларын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды абыроймен атқарып шықты.

Астана-1 жаңа теміржол вокзалы 1990 жылдан бастап жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда вокзал ғимаратының аумағы 11 мың текше метрді құрайды және тәулігіне 12 000 жолаушыны өткізуге қабілетті вокзал тәулігіне 37 пойызға қызмет көрсетеді.

Сервистік қызмет сапасы деңгейін арттыру, вокзалдардың техникалық жарақтандыруды жақсарту «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмысының басымдықты бағыты болып табылады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі


WhatsApp Image 2019-01-11 at 11.28.39.jpeg


WhatsApp Image 2019-01-11 at 11.28.40.jpeg


Пайдалы сілтемелер