Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

АҚШ-тың ҚР Елшісі «Нұрлы жол» вокзал кешенінде болды

АҚШ-тың ҚР Елшісі «Нұрлы жол» вокзал кешенінде болды

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Уильям Мозер «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешеніне барды.

Вокзал кешенінің басшысы Д.Құсайынов америкалық дипломатқа вокзал кешені жұмысының технологиялық процесі туралы, персоналдың функциональдық міндеттерін жан жақты айтып берді. Мәртебелі мейманға күту залы, касса залы, фудкорт аймағы, капсулалық мейманхана және өзге де нысандар көрсетілді.

Уильям Мозер көрсетілетін қызмет сапасын жоғары бағалады және жолаушыларға заманауи қызмет көрсету деңгейінің әлемдік тәжірибені есепке ала жасалғандығын жеткізді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер