Қарағанды теміржол вокзалын қайта жаңарту жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді

Қарағанды теміржол вокзалын қайта жаңарту жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді

2018 жылдың тамызынан жүргізіліп келе жатқан Қарағанды теміржол вокзалының қайта жаңартылуы 2019 жылдың соңына таман аяқталады.

Қазіргі уақытта қосымша терминалды салу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. 2-5 жолдарда еркін жүріп-тұру үшін эскалаторлар мен лифтілер орнатылған жылытылатын жабық конкорстық өтпелер салынады. Вокзал қызметіне мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың кедергісіз қолдары жетуі үшін жағдайлар жасалады. Жолаушылардың өздерін платформаларда жайлы сезінуі үшін қалқалар тұрғызылатын болады.

Жөндеу-құрылыс жұмыстары кезен кезеңімен жүргізіледі. Нысанды пайдалану кезеңіндегі жұмыс барысында барлық қажетті ережелер сақталады.

Жобамен вокзалдың ара-жігін айқын ажырату жоспарланып отыр. Операциялық аймақта касса залы, анықтама бюросы және күту залы орналасады. Ал сервистікте – сақтау камералары, ана мен бала бөлмесі, сервис-орталық, шағын-маркет, тамақтану пункты, сауда дүңгіршектері және шаштараздар.

Қайта жөндеу көргеннен кейін вокзал аумағы 1576,9 шаршы метрге ұлғайып, 3901,7 шағын метрді құрайтын болады, бұл өз кезегінде тәулігіне 4000-нан 7000 дейін жолаушыны өткізуге, орындықтарды 417-ден 670 дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Біріншіден, қайта жаңарту вокзалдың проблемаларын шешуге, жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға, нысанды терроризмнен қорғауға бағытталған.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын кейінге сыру нысанның толықтай алғанда қысбаттауына ықпал етеді. Осындай нысандарда жаңарту жүргізу кезінде орын алатын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамыз.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер