Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Алматыда Орталық Азиядағы алғашқы «Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік» форумы болып өтті

Алматыда Орталық Азиядағы алғашқы  «Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік» форумы болып өтті

Ағымдағы жылдың 24-25 қазанында М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірлесе ұйымдастырылған Орталық Азиядағы алғашқы «Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік» форумы өтуде.

Форумға ҚР мемлекеттік органдарының, Ресей, Беларусь теміржол әкімшіліктерінің және ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысуда.

Теміржол көлігінің қауіпсіз жұмысын ұйымдастыруға бағытталған, автоматтандырылған жүйе және техникалық құралдарды өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды және өткізілді.

Форум «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтың төрағалығымен болып өтті. Ол қазіргі таңда еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық жобалар жүзеге асырылуда екендігін мәлімдеді. Теміржол жүк тасымалы саласындағы 

барлық жобалардың сәтті жүзеге асырылуы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету процестерін тиімді басқарумен тікелей байланысты.

Еңбек жағдайларын жақсарту және үнемі жетілдіріп отырудың арқасында ғылыми-зерттеу қызметіне, ғылымға ерекше рөл бөлінуде. Енгізіліп жатқан тәсілдер болашақта пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты барлық өндірістік процестерді қамтуы тиіс.     

Қ. Әлмағамбетов темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесін ұйымдастырудың бірыңғай жаңа құралдары мен қадамдарын әзірлеу үшін форум өткізудің маңыздылығын атап көрсетті.

Қазақстанның магистральдық желілері бойынша жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық бағыттар және қозғалыс қауіпсіздігінің жағдайы туралы Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі басқарушы директор Марат Шакенов жеткізді.

ҚазККА ректоры Берікбол Аркенов Академия базасында форум өткізудің маңызын атады. Оның пікірінше, теміржол тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды проблемалардың шешімі білім беру саласынан басталады.

«РЖД» ААҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті бас директорының орынбасары Шевкат Шайдуллин «Российские железные дороги» компаниясының пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін басқару жүйесі туралы айтып берді.

«Заманауи цифрлық технологияларға біз баса назар аударып отырмыз», - деді Ш.Шайдуллин және РЖД ішкі бақылауын, алдын алу шараларын ұйымдастыру жайымен форумға қатысушыларды таныстырып өтті.

Форум шеңберінде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін көтеру мен инженерлік-техникалық құралдарын енгізу, процестерді автоматтандыру, бақылау қызметін жетілдіру, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді заңнамалық реттеу мәселелері бойынша жұмыс сессиялары ұйымдастырылды.

 Шара аяқталғаннан кейін ҚазККА ректоры Б. Аркенов форумға қатысқан ұйымдарға сертификаттар тапсырды.


Аталған форумның нәтижелігі жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың қауіпсіз жағдайларымен қамтамасыз етудің проблемалық мәселелерін шешу бойынша бірлескен шешімдерін әзірлеу болды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер