Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

30 тарта вагон тексеруші «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төс белгісін алды

30 тарта вагон тексеруші «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төс белгісін алды

Өзінің кәсіби сапасын жақсы жағынан көрсете білген «ҚТЖ» ҰК» АҚ вагон тексерушілеріне «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төс белгісі табыс етілді.

Олардың қырағы, сауатты және жедел іс-әрекеттерінің арқасында вагондардың әр түрлі ақаулары анақталды және қозғалыс қауіпсіздігіне төнген қауіптің алды алынды.

Ыңталандырылған вагон тексерушілер қатарына Қостанай, Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда темір жолдары бөлімшелері, Достық өңірлік учаскесі кіріп отыр.

Марапатты бірінші болып Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің тоғыс қызметкері алды. Солардың арасында Астана вагон пайдалану депосы техникалық қызмет көрсету пунктының тексеруші-жөндеушілері де бар: Нұр – Сұлтан станциясынан – Ғалымжан Бердібаев, Әнуарбек Әбелдинов, Рашид Асапов, Бауыржан Қалиахметов, Ербол Смағұлов, Азамат Салдауов, Атбасар станциясынан – Александр Кучма мен Виктор Олещенко, Қырқыншы станциясынан – Әнуар Әбелдинов.

«Компаниядан марапт алу – бұл мен үшін үлкен ыңталандыру. Сенің еңбегін ескеріліп жатса, әрине тауды төңкеріп тастағын келеді. Басшылық пен ұжымға разымын», - дейді Астана вагон пайдалану депосы техникалық қызмет көрсету пунктының вагон тексерушісі-жөндеушісі Әнуарбек Әбелдинов.

Ә.Әбелдинов шойын жолда 20 жыл бойы еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол үш рет қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін белгісімен мараптталған. Ол өз мамандығында адамдар үшін қырағы көз бен жақсы есту қабілеті ғана емес, бірде бір ұсақты назардан тыс қалдыруға болмайтын, әрқашанда дайындықтың керектігін алға тартты. Мамандар балғаның соғуы бойынша дөңгелек парының ақаулығын анықтай алады.

Барлық марапатталғандарды өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауы, адалдығы біріктіреді.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер