Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

2019 жылы «Денсаулық» медпойызы 200 тарта теміржол вокзалында болады

2019 жылы «Денсаулық» медпойызы 200 тарта теміржол вокзалында болады

2019 жылдың 29 сәуірінде Алматы-2 станциясынан «Денсаулық» медициналық пойызы жолға шықты.

Пойыз медициналық қызметке қолжетімділігі жоқ шалғайдағы станциялар мен елді мекендер тұрғындарының денсаулығын зерттеу мен диагностикалау үшін ұйымдастырылған.

Сегіз айдың ішінде денсаулық пойыз Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарын аралап, жергілікті тұрғындарға медициналық қызмет көрсететін болады.

Шамамен 195 станциядағы 40 мың адамға көмек көрсету көзделіп отыр.

Тоғыз вагоннан тұратын дөңгелекті емхананың 4 вагоны емдеу-сауықтыру шараларын өткізуге, ал 2-еуі медицина қызметкерлерінің жатып тынығуы және 1 вагон дәрі-дәрмектерді сақтауға арналса, сондай-ақ пойызда вагон ресторан мен автономды энергия үнемдеу вагоны да бар.

Пойыз заманауи құрал-жабдықтармен: түрлі зерттеулер мен диагностика түрлерімен (УДЗ, қан талдаулары, флюорография т.б.), кішігірім хирургиялық операциялар мен стоматологиялық қызметтер көрсететін құралдармен жабдықталған.

Медициналық бригада құрамында білікті мамандар: терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, онколог т.б. салалық мамандар өз кеңестерін беретін болады.

Медициналық пойыз «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірлескен жобасы.

2018 жылы «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» консультативтік-диагностикалық пойыздарымен 124 станция тұрғындары тексерістен өткен болатын. Бұл ретте 42 мыңнан астам тұрғын, соның ішінде 6500 бала қалады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер