2018 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша жүкайналымы 6,6% артты

2018 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша жүкайналымы 6,6% артты

«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша эксплуатациялық жүкайналымы 2018 жылы 222,5 млрд. тонна-шақырымды құрап, 2017 жылдың көрсеткішінен 6,6% асты.

Жүк тиеу 254,8 млн. тоннаны құрап, 2017 жыл деңгейінен 13 млн. тоннаға артты. Соның ішінде 170 млн. тоннасы Қазақстан ішінде тасымалданса, 84,7 млн. тоннадан астамы экспортқа жөнелтілді.

Теміржолшылар әлеуметтік-маңызды жүктер тасымалын толық көлемде қамтамасыз етті. Тас көмірдің 105 млн. тоннасы тиелсе, бұл 2017 жылға қарағанда 3% жоғары болды. Ел ішінде 72 млн. тонна қатты отын тиелсе, бұл 2017 жылғыдан 4% асты.

Астық тиеу 11,5 млн. тонна болса, бұл 2017 жылғы деңгейден 35% артса, соның ішінде экспот – 8,8 млн. тоннаны құрап, 2017 жыл көрсеткішінен 52% асты. Ұңтақ өнімдерінің 3,5 млн. тоннасы тиелсе, бұл 2017 жыл деңгейінен 3% көп.

Бұдан басқа, 2018 жылы негізгі барлық номенклатуралық жүктер бойынша өсім байқалды. Осылайша, темір рудасын тиеу 2017 жылғы деңгейден 8%, түрлі түсті руда - 5%, құрылыс жүктері - 6% артты.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер