Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

2018 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ конструкторлық-тәжірибелік орталығында жүзден астам позиция бойынша теміржол өнімдері әзірленді

КЭП.jpg«ҚТЖ» ҰК» АҚ Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің Конструкторлық-тәжірибелік орталығы 2018 жылы шығаратын өнім тізімін 82- ден 109 позицияға кеңейтті.

Кәсіпорын «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері филиалдарының тапсыры бойынша теміржол көлігінің техникалық құралдарына қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтар, шағын механизация құралдарын, стандартты емес, технологиялық жабдықтарды және де сол бойынша техникалық құжаттарды әзірлейді.

«КТО вагон тексерушілері үшін балғаларға, жолаушылар вагондарының шпинтондық тегірін шешіп алу үшін бұру кілттеріне және вагон арбашығының табандықпен тежеу аспасы үшін білікшеге тапсырыс беруге болады. Бізде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету фитингтік теміржол платформаларында ірітонналық контейнерлермен тасымалдаудың сақталуына қажетті әмбебап фитингтік тіреу жасалады», деді КТО басшысы Мұхаметқали Елешев.

КТО жаңғырту құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді шығару және жөндеу тізімін кеңейтуге мүмкіндік берді. Өндірістік учаскілер қосымша станоктық құрал-жабдықтармен күшейтілді. Сонымен қатар, ұстахана бөлімшесі мен дәнекерлеу учаскесі пайдалануға берілді.

КТО мамандары өнертапқыштық ұсыныстарға сараптама жүргізу, теміржол көлігі техникалық құралдарын пайдалану тәжірибесіне қатысып, соның негізінде техникалық құжаттарды әзірлеу мен тәжірибелік үлгілерін жасап, «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің дәнекерлеушілерін аттестациядан өткізеді.

М.Елешев атап кеткендей, болашақта дәнекерлеуші, шылбырлаушы және өзге де мамандықтар бойынша мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру жөніндегі техникалық сынып ашу көзделген.

Бұдан басқа, КТО ұжымы тәжірибелік нұсқалар мен металөнімдерінің мәлімделген өлшемдерге сәйкестігін тексеруді, сыналатын жабдықты саралау мен тексеруді ұйымдастыруды және сериялық өнімдерді шығару үшін атаулар тізбесін кеңейтуді жоспарлауда.

«Ары қарай да даму үшін Конструкторлық-тәжірибелік орталық перспективаларға және үлкен әлеуетке ие. Орталық қызметкерлері кез келген конструкторлық және күрделі міндеттерді атқаруға дайын», деп атап көрсетті М.Елешев.

«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі.

Пайдалы сілтемелер