Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

9 бақыт вагоны: 200 оқушы бала туристік пойызымен қайда барады?

9 бақыт вагоны: 200 оқушы бала туристік пойызымен қайда барады?

Астаналық теміржол вокзалында «Туған елге саяхат» Балалар экскурсиялық пойызы» жобасының жаңа маусымы басталды: 200 астам бала 9 вагоннан тұратын пойызда Қазақстанның көрікті қалалары мен тарихи орындарын аралайтын тоғыз күндік саяхатқа аттанды.

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні жобаның бірінші маусымының барлық қатысушылары елордада жиналып, тәлімгерлерімен танысып, топтарға бөлінді. Сондай-ақ спорттық және ойын-сауықтық шараларға қатысты.

Сапар алдында балалар елорданың ең әдемі жерлірінің бірі «ЭКСПО-2017» - «Нұр Әлем» Болашақ мұражайында болып, «Мәңгілік Ел» Салтанат қақпасын және елорданы екі деңгейлі автобуспен аралап жүріп, түрлі спорттық және мәдени сарайларды көрді.

Балалар пойызының қатысушылары астананың көрікті жерлерінің сұлулығына таң-тамаша болды, өйткені олардың көбі үшін бұл елордаға алғаш келулері.

«Мен Нұр-Сұлтан қаласына бірінші рет келіп тұрмын. «Туған елге саяхат» жобасы мен үшін ерекше тарих болып қалмақ. Себебі, бұл қалада түрлі әдемі ғимараттар көп, мұнда мен көп жаңа достар таптым. Маған «Экспо», «Бәйтерек», Хан-Шатыр және т.б ғимараттар ерекше ұнады», - дейді Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылынан келген Төлеген Жансая астанамыз жайлы өз пікірімен бөлісе отырып.

Қалалар арасындағы саяхат кезінде пойызда балаларды түрлі шығармашылық, зияткерлік, бос уақытты тиімді өткізуге арналған шаралар мен тіл курстары күтеді. Алдағы саяхаттағы балалардың қызықты уақыт өткізуі мен қауіпсіздігіне жауапты тәлімгерлер үлкен рөлге ие.
«Мен бұл жобаға осымен төртінші жыл қатарынан қатысып жатырмын. Маған жоба өте қатты ұнайды, сондықтан мен жыл сайын осында келу үшін жаз айын күтемін. Біз пойызда көптеген қызықты шаралар өткіземіз: ер балалар арасында армрэслинг, вокал курстары, ермексаз сабақтары, гитарада ойнау, хореография сабақтары, тарих, ағылшын тілі және көркем сурет сабақтары. Мен үшін бұл жұмыстағы ең қызығы – бұл балалардың эмоциясы мен олардың жобаға барынша берілуі. Біз алғашқы пойызбен сапарға аттанғаннан бері биыл 4 жыл өтті, бірақ біз өткен маусымдардағы балалармен әлі күнге дейін араласып тұрамыз», - дейді Аға тәлімгер, хореограф Марат Өмірбеков.

«Туған елге саяхат» жобасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен жүзеге асырылуда.

«2016 жылы бізге «Туған елге саяхат» жобасын жүзеге асыру туралы тамаша ой келді. Осымен бірнеше жыл қатарынан жобаға қатысу үшін бізге көптеген сұраныстар мен өтініштер келіп түседі. Барлық сапар барысында балалардың қасында олардың қауіпсіздігіне жауап беретін тәлімгерлер мен медицина қызметкерлері болады. Балаларды өте қызықты саяхат күтеді, тек пойыз тоқтайтын қалаларда ғана емес, барлық сапар бойы пойызда қызықты сәттер өте көп болады. Оларға тамаша саяхат пен адал достар табуды тілеймін», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры Бас директорының орынбасары Әсел Дулатқызы Шілдебаева өз пікірімен бөлісу барысында.

Осы жаздағы алғашқы саяхатына аттанбас бұрын, балалар перронда флэш-моб ұйымдастырды, бұл 2019 жылғы жобасы жаңа маусымының ресми басталуын білдірді.

Пойыз елордаға 9 маусымда оралып, бірінші саяхат маусымын аяқтайды. Сол күні балаларға арнайы қорытынды концерт ұйымдастыралады. Сонымен қатар, осы жылы тағы да екі сапар – 1 шілде мен 1 тамызға жоспарланып отыр. Жалпы 2019 жылғы маусымға 600 бала қамтылады: «Самұрық-Қазына» АҚ өндірістік кәсіпорындары мен зауыт жұмысшыларының шалғай өңірлерде, көпбалалы отбасында, аз қамтылған немесе толық емес отбасында тәрбиленіп жатқан, оқу үлгерімі жақсы 500 бала, «Отандастар қоры» КеАҚ-мен ынтымақтастық негізінде басқа елдерден келген қазақ диаспорасының өкілдерінен 50 бала және байқау негізінде Қазақстан бойынша 50 бала.

Естеріңізге сала кетсек, жоба балалардың жан-жақты дамуына, қоршаған әлемге қызығушылығын арттыруға, елдің тарихи және сәулет ескерткіштерімен танысып, патриотизмді нығайтуға бағытталған. Пойыз бағдарына Нұр-Сұлтан, Байқоңыр, Тараз, Алматы және Балхаш қалалары кіреді.

«Samruk-KazynaTrust»
Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының
Корпоративтік коммуникациялар департаменті

Пайдалы сілтемелер