Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ҚТЖ-ның алғашқы марафонына шамамен 350 теміржолшы қатысты

 ҚТЖ-ның алғашқы марафонына  шамамен 350 теміржолшы қатысты

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде, сенбі күні Нұр – Сұлтан қаласында   «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұйымдастуымен «Алғашқы марафон: «Өзгерістерге бастар игілік! Бірінші болып қатыс!» атты марафоны болып өтті. Жарысқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының, филиалдары мен еншілес, соның ішінде өңірлік ұйымдарының қызметкерлері, корпоративтік қор басшыларының өкілдері - 350 астам теміржолшы қатысты. Қатысушылар қатарында – 29 теміржолшы отбасы және 9 сала ардагері бар. Тек қана бұрыннан спортпен айналысушылар ғана емес, жақында ғана жүгіре бастағандар да қосылды.

ZHA_3678 [Почта].JPG«Спорттың осы олимпиадалық түрі бүгінгі марафонға осыншама әуесқойларды жинағанына өте қуаныштымын. Барлығы мерекелік көңіл-күйде. Ауа райының құбылуына қарамай, барлығы да үлкен ләззат алды», - деп атап көрсетті «ҚТЖ» ҰК» Басқарма Төрағасының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Серік Әбденов.

Бұл ретте С. Әбденов 21 шақырымдық аралықты 1 сағат 58 минут 57 секунд нәтижемен еш қиындықсыз жүгіріп өтіп, 40-49 жастағы ерлер арасында екінші орынды иеленді. 2 шақырымдық аралыққа тек сала ардагерлері жүгірді. Әйелдер арасында бірінші болып мәре сызығын 19 минут 21 секунд уақыт көрсеткішімен Жанна Ақбергенова кесіп өтті.

ZHA_3618 [Почта].JPG«Мен үшін бүгін ҚТЖ алғышқы марафонына қатысу үлкен қуаныш. Өз 69 жылымның 40 жылын темір жолда жұмысқа бердім және де спортпен шұғылдануды да ұмыт қалдырған емеспін», - деді Ж.Ақбергенова.

ZHA_3670 [Почта](1).JPGЕрлер арасында үздік көрсеткішпен бұл қашықтықты магистралда электр монтері болып 20 жылдан астам жұмыс істеген 73 жастағы Леонид Антонов бағындырды.

Негізінен теміржолшылар 10 және 21 шақырымды таңдады. 21 шақырымды жүгіріп өткендер арасында үздік нәтижеге Нұрлыбек Смат (18-29 жас категориясы) қол жеткізсе, оның уақыты – 1 сағат 31 минут 16 секунд болды.   Он шақырым аралықтағы жүгіруде Артем Ряполов (30-39 жас категориясы) шапшаң теміржолшы атанды – 37 минут және 3 секунд.

ZHA_3639 [Почта].JPG40-49 жастағы әйелдер арасында Алмагүл Шуншалина 5 шақырымдық аралықты 36 минут 37 секунд уақытпен жүгіріп өтті. Кросс нәтижесі бойынша қатысушылардың барлығы да медал иеленді. Әр қашықтық бойынша жүлделі орындар алған атлеттерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Жеңімпаздар Марат Жыланбаев, Болат Жұмаділов, Мерей Ақшалов сияқты атақты спортшылар қолынан марапаттарын алды.

«Аталған жүгіруді өткізу – Компания имиджін арттыру мен ішкі коммуникациясын дамытуға, салауатты өмір салтын танытуға бағытталған, «ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік мәдениетін жетілдірудегі үлкен стратегиясының бөлігі», - деп атады «ҚТЖ» ҰК» АҚ HR (персоналды басқару жөніндегі директор) жөніндегі атқарушы директоры Тамила Микулич.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі 


ZHA_3592 [Почта].JPGZHA_3610 [Почта].JPG

Пайдалы сілтемелер