Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Елордалық локомотив депосында ардагерлерді құттықтады

Елордалық локомотив депосында ардагерлерді құттықтады

Жеңіс күні қарсаңында Нұр – Сұлтан станциясының локомотивті пайдалану депосында еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Олардың атына жылы сөздер мен тілектер айтылды.

Ақмола көлік және коммуникация колледжінің студенттері, болашақ теміржолшылар мәртебелі қонақтар үшін арнайы музыкалық құттықтау дайындады.

«Әрбір ұрпақ соғыс және еңбек ардагерлеріне олардың жеңіс үшін жасаған ерліктеріне таусылмас құрметпен ризашылықтарын айтатын болады», - деп атап көрсетті депо кәсіподақ комитетінің төрағасы Ринат Абайдильдинов.

Депо ардагерлер кеңесінің төрайымы Людмила Красноштанова ұрыс алаңында көрсетілген батылдық, тылдағы ерен еңбек, әкелеріміз бен аталарымыздың патриотизмі халық жадында мәңгі қалады.

Өз кезегінде, ардагерлер көрсетілген құрметке ризашылықтарын жеткізіп, өз өмірлері туралы әңгімелеп берді.

Бұрынғы машинист Николай Козлов – еңбек ардагері. Соғыс басталған кезде ол небәрі 10 жаста болыпты. Көпбалалы отбасында өткендіктен ағасымен бірге колхозда еңбек еткен. Соғыстан кейін әке орнында қалған үлкен ағасы вагон депосында дәнекерлеуші болып жұмыс істей бастаған. Оның ізімен шойын жолға Николай да келіпті. Паровоз кочегары, машинист көмекшісі болып жұмыс істеп, артынан өзі пойыздарды жүргізген.

«Темір жол бізді адам етіп шығарды, біздің отбасымызды асырады. Біз осы күнге дейін ұмыт қалдырмай келе жатқанына ризамыз. Әр мереке сайын туған депомызға шақырады»,- деп Н.Козлов өз алғысын жеткізді.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Ұлы Отан соғысының 74 ардагері бар. Жеңіс күні оларға материальдық көмек көрсетіледі.

Мерекелік күндерде теміржолшылар мен кәсіподақ өкілдері соғыс және тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, оларға азық түлік себетің табыс етті.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер